Омырау тазалығы

Омырау тазалығы, Емшек, Әйелдің емшегі

Сәбиін омырауымен емізетін әйел үшін омырау тазалығын сақтау өте маңызды. Сондықтан тазалық жөнінде қиын емес бірнеше ережелерді сақтау сәбидің қолайлы тамақтануына, емізген кезде ауырсыну сезімдерін болдырмауға, төсіңіздің жақсы кейпін сақтап қалуға көмектеседі.

  • Еш уақытта омырауыңызды жөкемен (мочалка) ысқыламаңыз. Сонымен бірге, гигиеналық шаралар үшін дәстүрлі косметикалық заттарды қолдануға болмайды, яғни омырауды кір сабынмен, иіс сабынмен немесе косметикалық сабынмен жуып, соңынан түрлі кремдер жақпаңыз. Омырау терісін тазарту үшін балаларға арналған сабынды пайдаланған жөн, ал егер теріңізді жақсартамын десеңіз, оған өзіңіздің сүтіңізді жағыңыз.
  • Қолтық астындағы термен күресу үшін тек салқын суды қолданыңыз. Қолтық астындағы түктерден арылу үшін депилятор-кремдерді пайдалануға болмайды.
  • Күндіз де, түнде де үнемі мақталы матадан тігілген қонымды (облегающий) кеудеше (бюстгальтер) киіп жүріңіз. Түрлі өлшемдегі бірнеше кеудешенің болғаны жөн (себебі сүт шығатын кезде (лактация) омыраудың көлемі өзгеріп отырады).
  • Омырау үрпілеріне ерекше күтім жасаған жөн, олардың жарылып кетпеуін қадағалаңыз.
  • Омырауыңызды салқындатып алмаңыз.
  • Күн сәулесіне жалаңаштанған омырауды тосуға болмайды.

Омыраудың үрпілері жарылып кетсе жасалатын шаралар:

  • Үрпіңізді киімнен тітіркенуінен сақтаңыз.
  • Омырау үнемі құрғақ болуы керек. Кеудешенің тостағаншаларына қосымша қаптамалар салыңыз, қаптамаларды жиі ауыстырып тұрыңыз.
  • Емізген кезде және баланың аузынан омырауды алатын кезде мұқият болыңыз: ол үрпілерді қызыл иегімен тістеп алмауы қажет.
  • Егер үрпілеріңіз нәзік, тез жарақаттанғыш болса, оған итмұрын (шиповник), шырғанақ (облепиха) майының негізінде А дәрумені сіңген қаптамаларды басыңыз. Бірақ мұндай қаптамаларды қолданған жағдайда сәбиді емізетін кезде үрпілеріңізді ұқыпты түрде жуып алыңыз.
  • Емізіп болған соң үрпілеріңізге сүзілген сүттің тамшыларын жағыңыз. Соңынан кеудешені кимес бұрын, үрпілеріңізді ауада кептіріп алыңыз.

Comments 5

  • жас аналар үшін пайдалы кеңестеріңіз үшін алғыс айтамын.

  • Емiзулi ана кунiне канша рет калций глюканат таблеткасын жеуге болад?

  • менин киналып журген мазалаитын суоагым емшектеги шишканы калаи емдеуге болады кандаи жолдары бар операциясыз оси ауруга баиланысты кандаи белгилери бар желкем курымади уиып калады бул не себептен екени мазалаиды

  • бул журе тура рак ауруына акеп сокпаима кандаи белгилери бар калаи алдын алуга болады немесе кандаи тагамдардын паидасы барма екен билсениздер аитиниздарши

  • Емізулі анаға диеталық тағамдар түрлері

Яндекс.Метрика