Балам жиі ауырады. Неге?

Аурухана есігін қаққан аналардың көбі перзентінің жиі ауыратындығына шағым жасайды. Кейбір таныстарымыз мұны баланың қалыпты дамуы деп қабылдаса, бірі қауіптілігін айтып, үрейлендіріп жатады. Дрігерлер қауымының бұған көзқарасы қандай? Тараз қалалық №2 қалалық емхананың балалар дәрігері Сәуле Қуатбекова не дейді екен? Дәрігерлер жиі ауыратын бала деп кімді айтады? Жауап: Дәрігерлер қауымы 1 жасқа толмаған балаларды жиі…

Read More

Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар.

Read More

Сәбидің шашы, шаш тазалығы

Дүниеге келгеннен кейін бірнеше күннен соң анасының жатырында жатып-ақ пайда болған сәбидің шашы түсе бастайды. Оның орнына жаңасы өседі. Жас аналар сәбидің басындағы теріні қаптап тұратын қалың сарғыш қабыршаққа бола үнемі мазасызданады. Бұған бола мазасызданудың қажеті жоқ: бұл – қалыпты физикалық құбылыс. Алайда теріні еркін тыныс алып тұру үшін артық қабыршақтардан жиі тазалап тұрған дұрыс….

Read More

Сәбиіңіздің тіс күтімі қандай болуы керек?

Алғашқы тістері қашан шығады? Сәбидің алғашқы тістері анасының жатырында жатқанында-ақ қалыптаса бастайды. Табиғат «сыртқа шығуға бұйрық бергенше» қызыл иектерінің ішінде жасырынып жатады. Дені сау баланың сүт тістері 5-7 айлығында қызыл иекті жарып шыға бастайды. Ең бірінші болып төменгі орталық екі тісі, одан соң тура сондай жоғарғы тістері шығады. 12 айға дейін оған оң және сол…

Read More

Сәбиді шомылдыру

Шомылдыру Көптеген балалар туылғанынан-ақ суға түскенді жақсы көреді: себебі су оларға жатыр ішіндегі тыныш өмірді елестетеді. Баланы шомылдыру оған қуаныш сыйлау ғана емес, өте маңызды тазалық шараларының бірі болып табылады. Су тек теріні тазалап қана қоймайды, сонымен қоса, терінің одан арғы дамуын жетілдіреді, қан айналысын жақсартады. Және де әкесі мен анасының арасындағы тығыз байланысты орнатады:…

Read More

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Кіндігіне күтім жасау Сәбидің алғашқы күндері кіндігі – сипаты жағынан жазылып келе жатқан жара тәріздес, үнемі назарда ұстап отыру қажет. Егер кіндігі қызарып, ісіп кетсе, оған инфекция түсуі мүмкін. Ал егер дүрдиіп, аздап көкшіл тартып тұрса, бұл – кіндік жарығының белгісі. Екі жағдайда да уақыт оздырмай дереу дәрігерге қаралған жөн. Кіндікті қалай тазалау керек? Инфекция түспес…

Read More

Нәрестеге қатысты қауіпсіздік ережелері

Шамамен 9-10 айдан соң бала өз бетімен төсекке сүйкеніп тұрып, айналасындағы заттармен танысып, бөлме ішін шарлай бастайды. Сол себепті кейбір қауіпсіздік ережелерін сақтауға тырысыңыз: перде ілініп тұрған карниздердің мықтылығын, шкафтардың тербеліп тұрмайтындығын, электр тоқтарын тексеріңіз, ванна мен туалеттегі құлыптарды сәбидің қолы жетпейтіндей етіп бекітіңіз. Сонымен қоса, өзіңіздің және жақындарыңыздың да төмендегі бірнеше ережелерді қатаң сақтауын…

Read More

Сәбидің ақыл-ойының дамуы

Алғашқы аптада сырттай қарағанда сәбидің көзқарасы немқұрайлылықты білдіретін секілді. Бұл – қалыпты құбылыс. Оның кішкентай миы әлі үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдауға дайын емес, сондықтан кейбір таныс емес заттармен бетпе-бет келгенде ол көзін жұмып алады. Алайда 1-2 ай өткен соң-ақ ол жеке заттарға назарын аудара бастайды. Төсегіне ілінген ойыншықтарды ұзақ қарап, мұқият зерттейді. Сіздің бөлмеде ары-бері…

Read More

Бала мұңая ала ма?

Біз балалардың әрдайым көңілді, шат-шадыман, ойыннан басқа алаңы жоқ деп есептейміз. Олардың ұрты салбырап, бұртия қалса, тек еркелікке балап, мән бере бермейміз. Бірақ, Тараз қалалық №23 балабақшаның бірінші санатты психологы Әлия Қазыбаеваның бұған айтар уәжі бар. Бала неге мұңаяды?— Кейде біз бір әріптесіміздің, көршіміздің, құрбымыздың тез құбылатын мінезіне қарап, «бала сияқты» деп сипаттап жатамыз. Бұл неден…

Read More

Жаңа туылған сәбиге қажет киім-кешектер

Жаялықтар. Сәбиіңізді жаялыққа орағыңыз келмесе де, ол сізге қажет болады: дәрігерге қаралуға барғанда, сәбиіңізді жуындырғанда, оған массаж жасағанда. Оларды көптеп алып қойған жақсы, 5-6 жұқа және 5-6 жылысын (фланельден тігілген). Итжейделер (распашонки) – кем дегенде 4 жеңіл және 4 жылысын (фланельден тігілген). Ползункилер – 8 жұптан жұқасы мен жылысын. Чепчиктер – 2 жұқа, 2 жылы….

Read More

Балалар аяқкиіміне күтім қажет

Балалардың аяқкиіміне де ересектердікі секілді күтім қажет. Әдетте, балалар көп жүгіріп, көп секіреді. Одан бірінші кезекте «зардап шегетін» аяқкиімдері болғандықтан, оны таңдауды ғана емес, ары қарай сенімді түрде «қызмет етуіне» көмек беруіміз қажет. Өйткені, 10 жасқа толмаған балалар өздігінен аяқкиімдеріне күтіммен қарай алмайды. Сондықтан, ауыр жүктің бәрі сіздің мойныңызға артылады. Ондай жағдайда біздің кеңесіміз бір…

Read More

Нәрестенің физикалық дамуы

Дүниеге келгенде баланың салмағы орта есеппен 3-тен 4 кг-ға дейін, ал бойларының ұзындығы 45-50 см болады. Бірақ бұл көрсеткіштер нақты емес, кейбірінің салмағы аз, не бұдан артық болып туылады. Шамамен, өмірінің алғашқы жылдары сәби 7 кг салмақ қосады, бойы 25 см-ге өседі. Бала денсаулығының ең маңызды көрсеткіші – оның дене құрылымының үйлесімділігі. Сәбилердің дене құрылысы ересектердікінен…

Read More

Сәбиіңіздің алғашқы ыдыс-аяқтары мен төсек жабдықтары

Бала есейген сайын тамақтануы үшін ыдыс-аяқтар да көптеп қажет болады. Емізігі бар бөтелке. Бүгінгі күні сәбилерге арналған бөтелкелерді қауіпсіз, жоғары температураға төзімді (120°С) пластиктен жасайды. Ішіндегі ең қолайлысы – аузы кең, цилиндрлік пішіндегі бөтелке. Оны жуғаныңызға оңай болады. Құрғақ қоспалардан тағам дайындарда немесе шай құйғанда сіз ештеңені төгіп алмайсыз. Ал ойдан шығарылған ортасында саңылауы бар құтының…

Read More