Сәбидің ақыл-ойының дамуы

Алғашқы аптада сырттай қарағанда сәбидің көзқарасы немқұрайлылықты білдіретін секілді. Бұл – қалыпты құбылыс. Оның кішкентай миы әлі үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдауға дайын емес, сондықтан кейбір таныс емес заттармен бетпе-бет келгенде ол көзін жұмып алады.

Сәбидің ақыл-ойының дамуы

Алайда 1-2 ай өткен соң-ақ ол жеке заттарға назарын аудара бастайды. Төсегіне ілінген ойыншықтарды ұзақ қарап, мұқият зерттейді. Сіздің бөлмеде ары-бері жүргеніңізді бақылап жатады.

3 айлығында сәбидің ой-өрісі біршама дамиды. Ойыншықтар оны тек қызықтырып қана қоймай, ол оны қолына ұстауға ұмтылады.

4 айлығына қарай бала алыстан (бірнеше аттам жердегі қашықтықта) бөлмедегі басқа, бөтен адамдардың ішінен анасын ажырата бастайды. Көңілді оқиғалар оның езуіне күлкі ұялатады, ыңылдап түрлі дыбыстар шығара бастайды. Ал анасының дауыс ырғағынан оның көңіл күйін түсіне бастайды. Тамақтанған кезінде ол белсенді болып, емшекті не бөтелкені қолымен ұстап тұруға тырысады.

5 айлығында балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Дыбыстарға елеңдейді, анасының даусын басқа адамдардың даусынан ажырата алады. Өздері де «әңгіме айтқысы келеді», ұзақ уақыт ыңылдап «ән айтып жатады», айналасындағы адамдарды өзімен «әңгіме айтуға» көзқарасымен-ақ шақырады.

6 айлығында бала өз атын естігенде елең ете бастайды. Кейбір буындарды анық айтады. Үлкендердің көмегінсіз-ақ өз бетімен ойыншықтарды алады да, ұзақ уақытқа дейін қолынан тастамайды. Бір нәрсеге қолын тіреп, төртаяқтап тұрып, қоршаған ортасын тануға бастайтын алғашқы қадамын жасауға ұмтылады.

7 айлығында еңбектеуді үйренеді.

8 айлығында бала үлкендердің қимылдарын, іс-әрекеттерін қайталап еліктейді. Тамақ ішетін ыдыстарына назар аударады. Үлкендер үйреткен қарапайым қимылдарды есінде тез сақтап қалады және үлкендермен бірге қарапайым ойындарды ойнағанды жақсы көреді: «Шапалақ», «Алақай», т.б.

9-12 айлығында бала күннен-күнге неше түрлі қылықтар шығарып, жетістіктерімен ата-анасын қуантады. Қолына түскен заттың бәрін мұқият зерттей бастайды: ұзақ қарайды, дәмін көргісі келіп аузына салады, лақтырады, жыртқысы келеді немесе бөлшектерге бөліп тастағысы келеді. Көзі түскен затты бірден қолына алғанды қалайды. Үлкендермен қарым-қатынасқа қуана-қуана түседі: ойынға белсенді түрде қатысады, дауыс ырғағы мен қимылдарды қайталауға тырысады, жеке дыбыстарды бар ынтасымен қайталайды.

1 жасқа қарай көптеген балалардың сөздік қорында бірнеше сөздер болады: мама, папа, апа, ата, әже, биби, т.б.

фото: zdorovushko.ru

Қызықты

Тырнақ күтімі туралы кеңестер

Қазіргі таңда тырнақ күтімі маңызды рөл атқарып келеді. Қыздардың...

Нанды үйде пісіріп жегенге не жетсін ия?!

айран 100мл сүт 100мл қант 2қасық 0,5 стакан сұйық май тұз 0,5...

Бала тәрбиесіндегі кітаптың орны

  КІТАП ОҚЫҒАНДАР , ТЕЛЕДИДАР КӨРГЕНДЕРДІ БАСҚАРАДЫ . Б.ГЕЙТС Осы цитатаны бұрындары оқығанымда...

Балаға аяқкиім таңдау

Баланың аяғы ана құрсағында жатқанда алтыншы айда-ақ жетіле бастайды....

Сұлы жармасымен бетті жуу

 Сұлы жармасы - бетті тазалайды, жұмсартады, ағартып, əдемі етеді. Қара...