Сәбиді шомылдыру

Сәбиді шомылдыру

Шомылдыру

Көптеген балалар туылғанынан-ақ суға түскенді жақсы көреді: себебі су оларға жатыр ішіндегі тыныш өмірді елестетеді.

Баланы шомылдыру оған қуаныш сыйлау ғана емес, өте маңызды тазалық шараларының бірі болып табылады. Су тек теріні тазалап қана қоймайды, сонымен қоса, терінің одан арғы дамуын жетілдіреді, қан айналысын жақсартады. Және де әкесі мен анасының арасындағы тығыз байланысты орнатады: екеуі бірігіп шомылдырғаны дұрыс.

Шомылу үшін қолайлы уақыт. Жаңа туылған сәбиді күнде бір уақытта шомылдырып тұру керек. Көптеген мамандар бұны сағат 19 бен 21-дің аралығында жасаған дұрыс дейді. Шомылдырған кезде баланың қарны аш болмай, тоғы басылған күйде болу қажет.

Ваннаны дайындау

Бөлмедегі ауаның оптимальды температурасы – 22-24°С. Терезелер мен есіктерді міндетті түрде жауып тастаңыз.
Судың температурасы – 36-37°С.

Судың мөлшері сәбидің жүрек тұсы су бетінде тұратындай болу керек.

Қажет болған жағдайда, жақсылап сүзілген дәрілік шөптерді (түймедақ, итошаған) де қолдануға болады.

Шомылдырар алдында барлық қажетті заттарды, таза киімдерді алдын ала дайындап алыңыз.

Сәбиді қалай шомылдыру керек?

Сонымен, барлығы дайын болса, басты мақсатымызға көшейік.
Шомылдырудың екі әдісі бар:

  • баланы суға салып, сабындап жуындыру;
  • баланы суға салмай тұрып сабындап алып, содан соң ваннаға түсіру.

Әрине, бірінші әдіс оңай.

Денесіне арнайы балалар сабынын қолданыңыз. Сабынның көпіршіктерін міндетті түрде шайып тастау керек. Басын көзден жас шығармайтын арнайы сусабынмен жуыңыз.

Шомылдыру ұзақтығы 5-7 минутқа созылу керек, 8 айдан соң 8 минутқа дейін ұзартуға болады.

Шомылдырып жатқан кезде баламен әңгімелесу керек.

Ваннадан шығарған соң оны таза, жұмсақ сүлгіге немесе халатқа орап алыңыз. Денесін ысқыламай, жұмсақ сүлгімен денесіне тигізіп, ақырындап сүртіңіз.

Бұдан соң тері қатпарларын арнайы сеппе ұнтақтарын сеуіп, денесіне май немесе крем жағыңыз.

Есіңізде болсын! Бір жеріне бір уақытта крем мен сеппе ұнтақты жағуға болмайды!

Ұқсас мақалалар

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Баланы горшокқа отыруға үйрету

Судан қорқатын сәбилерді шомылдыру

Яндекс.Метрика