Бала есейген сайын тамақтануы үшін ыдыс-аяқтар да көптеп қажет болады.
Емізігі бар бөтелке. Бүгінгі күні сәбилерге арналған бөтелкелерді қауіпсіз, жоғары температураға төзімді (120°С) пластиктен жасайды. Ішіндегі ең қолайлысы – аузы кең, цилиндрлік пішіндегі бөтелке. Оны жуғаныңызға оңай болады. Құрғақ қоспалардан тағам дайындарда немесе шай құйғанда сіз ештеңені төгіп алмайсыз. Ал ойдан шығарылған ортасында саңылауы бар құтының (дизайнерлердің ойы бойынша жасалған, сәбидің өзіне оны қолымен ұстау қолайлы) үлкен кемшілігі бар: оны тазалап жуу қиын. Қазір дәріханаларда арнайы алмалы-салмалы ұстағышы бар кішкентай бөтелкелер сатылады, сәбиіңізге сол ыңғайлы болады.
Бөтелкеде міндетті түрде өшіп қалмайтын өлшемдер шкаласы болу керек.
Бөтелкеге емізікті таңдайтын кезде де қателесіп қалмау керек. Емізіктегі саңылау өте кішкентай. Оның мөлшері сәбиіңіздің жас мөлшеріне сәйкес болу керек: бір дана – жаңа туылған нәрестеге, екі дана – 2-3 айлық балаға, үш дана – ересектеу балаларға. Емізікке арналған ең жақсы материал – силикон. Оның иісі мен дәмі болмайды. Балаларда аллергия тудырмайды, ұзаққа жетеді. Ал латекстен жасалған емізіктің сапасы біршама төмен.
Сүзілген сүтті сақтауға арналған бөтелке.
Бөтелкені жууға арналған ысқыш. Балалардың ыдысын жуып-тазалауға арналған стерилизатор немесе үй шаруашылығында қолданылмайтын таза эмальданған кастрөл.
Кішкентай қасық (пластиктен жасалған) немесе күміс қасық.
Бөтелкеге кигізілетін сап немесе балаларға арналған сабы мен қақпағы бар саптыаяқ (кружка) – балаға өздігінен су, шай ішуді үйрету үшін.
Тәрелке мен көкірекше (нагрудник).
Ыдыс-аяқтар тез сынбайтын, экологиялық таза материалдан жасалған болуы керек.
Сәбиге арналған төсек. Сәбиіңіз өз бетімен жүріп, қимылдай бастағанша төсек оның негізгі кеңістігі болады. Төсек таңдайтын кезде келесі қағидаларды естен шығармаңыз:
- дүкеннен сатып алынған жаңа төсектің «құжаты» болуы тиіс. Онда МемСТ-қа сәйкес екендігі көрсетіледі, яғни гигиена мен қауіпсіздік талаптарына толықтай жауап береді деген сөз.
- бүйірлерінің алшақтығы кішкентай болу керек (сәби арасына басын тығып алмау үшін)
- бөліктердің бекітілген орындарын мұқият қарап шығыңыз, артық ештеңе шығып тұрмауы қажет.
- төсекті алақаныңызбен сипалап, тікендері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.
Мүмкіндігіңіз болса, іші табиғи талшықтармен толтырылған (мысалы, пальмалы) жаңа үлгісін алғаныңыз дұрыс. Матрастың көлемі төсектің көлеміне сәйкес болуы қажет. Пайдаланылған ескі матрасты қолданбаңыз, себебі матрас тез тозады және балаңыздың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Су өткізбейтін клёнка да артық болмайды.
Тағы да аса қажет емес заттың бірі – шымылдық. Ол сәбидің бөлмедегі үлкен кеңістікке бейімделуіне көмектеседі. Ал мазасыз сәбиге шымылдық тәтті ұйқы сыйлайды. Психологтардың айтуынша, төсекті жауып тұратын шымылдықтар кешке дейін үздіксіз жылап, себепсіз айқайлай беретін сәбилерді тыныштандырады. Шымылдықты жиі жуып, тазалықта ұстаңыз.
Ал сәбиіңізге алғашқы жастықты ол екіге толғанда алыңыз. Бұл уақытқа дейін оған жастық қажет емес, тіпті ол сәбиіңізге қауіпті (омыртқасының дұрыс қалыптасуына кедергі келтіреді) болуы мүмкін.
Сәбиіңіздің киімдерін жинауға арналған шкаф немесе комод. Балалардың киімін ересектердікінен бөлек жинаған жөн.
Кішкентай орындық. Оның қауіпсіздік белбеуі міндетті түрде болу керек. Еденде аяқтары сырғанайтынын байқасаңыз, аяқтарына резеңкелі нәл жапсыртыңыз.
Манеж. Манеж сатып аларда торларының кішкентай болмауына назар аударыңыз, сәбидің қолы арасына қыстырылып қалмау керек.