Нәрестеге қатысты қауіпсіздік ережелері

Шамамен 9-10 айдан соң бала өз бетімен төсекке сүйкеніп тұрып, айналасындағы заттармен танысып, бөлме ішін шарлай бастайды. Сол себепті кейбір қауіпсіздік ережелерін сақтауға тырысыңыз: перде ілініп тұрған карниздердің мықтылығын, шкафтардың тербеліп тұрмайтындығын, электр тоқтарын тексеріңіз, ванна мен туалеттегі құлыптарды сәбидің қолы жетпейтіндей етіп бекітіңіз.

Балалар қауіпсіздігі, Үйдегі қауіпсіздік, Сәби қауіпсіздігіБалалар қауіпсіздігі, Үйдегі қауіпсіздік, Сәби қауіпсіздігі

Сонымен қоса, өзіңіздің және жақындарыңыздың да төмендегі бірнеше ережелерді қатаң сақтауын талап етіңіз:

  • Электр құралдарын қосылған күйінде, қараусыз тастап кетпеңіз (әсіресе бөлмені жылытатын жылытқышты);
  • Үш тармақ (тройник) пен ұзартқыштарды (удлинитель) розеткаға тығып кетпеңіз;
  • Бала жүретін жерде киім үтіктейтін тақтайды қоймаңыз. Жиналған күйінде де ол қауіпті, сәбиіңіздің үстіне құлап кетеді немесе темірлерінің арасына саусағын тығып, қыстырып алуы мүмкін. Оны бір тасалау жерге тығып қойыңыз;
  • Жайылған дастарқанды қараусыз қалдырмаңыз, дастарқанның шетінен тартып, бәрін шашып-төгіп тастауы мүмкін;
  • Су толтырылған шелекті (кастрөл, тегеш, ванна, баланың басы оңай өтетін кез келген көлемдегі ыдыс) жерге қоймаңыз;
  • Кір жуатын машинаны жабық күйінде ұстаңыз;
  • Дәрі-дәрмектерді қолы жетпейтін жерде ұстаңыз;
  • Барлық кесетін, шаншылатын заттарды, тұрмыстық заттарды, шегелерді, түйреуіш пен ілгектерді тығып қойыңыз;
  • Балконның есігі мен терезелерді жауып қойыңыз;
  • Үйде киім тігетін машина болса, жабық күйінде ұстаңыз;
  • Ауаны тазартатын сепкіштерді қолданбаңыз, әсіресе аэрозольды түрлерін.

Егер сіз ұмытшақ адамдардың қатарынан болып, мойынорағышыңызды, колготкиіңізді, әшекей бұйымдарыңызды, косметикаңызды кез келген жерге қойып кете беретін болсаңыз, өзіңізді тәрбиелеуге тырысыңыз. Еске түсіретін бірнеше қағаздарға жазып, көз алдында болатындай етіп кез келген жерге іліп қойыңыз.

фото: mamashkam.ru

Яндекс.Метрика