Біздің сәбиіміздің есімі — Муфида

Алғашқы перзентімізді отбасылық өміріміздің үшінші жылында көрдік. Нәрестеміз дүниеге келер алдында қандай есім қойғанымыз жөн деп біраз бас қатырғанымыз рас. Ата-ене, басқа да жолы үлкендер тарапынан ат қою турасында талас тумай, Құдайға шүкір, ат таңдау жолдасымыз екеумізге бұйырды. Өйткені, өзіміздің көптен күткен қуанышымызға орай, ата-анасы ретінде ат қою міндеті өзімізде қалды.

Read More

Егіздер жайлы: егіздер қалай туылады?

Адам баласының ана құрсағында өзі сияқты екінші бір ұрықпен (баламен) қатар жетіліп, дүниеге бір уақытта келуі, егіз болып туылуы — көзбен құлаққа үйреншікті жағдай. Бірақ егіздер жайлы не білеміз? Қызық дерек: Әлемде 70-80 млн.-ға жуық егіз адамдардың жұптары бар көрінеді. Адам ұрпағы саналатын егіздердің негізгі екі түрі бар. Бірі: бір жынысты, бір-біріне қатты ұқсайтын егіздер;…

Read More
Азан шақырып ат қою

Азан шақырып ат қою туралы не білеміз?

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да…

Read More

Суда босану жайында

Су әрқашан тірліктің көзі, саулықтың кепілі деп саналған. Ерте замандардағы халықтардың арасында өзен-теңіз суларын емдік мақсаттармен қатар босануға да пайдаланған. Суда босану – баланың жылы суда дүниеге келуі. Қазіргі таңда тіршілік көзі саналатын суда босану әлемде күн санап танымалдыққа ие болып келеді. Бұл әдістің теориясы былай түсіндіріледі: сәби анасының ішінде суда болады, ал оның дүниеге…

Read More

Біздің сәбиіміздің есімі — Іңкәр

Біздің сәбиіміз — Іңкәр Талғатқызы, 2011 жылдың 18 маусымында туылған. Жылы — қоян, жұлдызнамасы — шаян. «Іңкәр» сөзінің астарында өмірге деген құштарлық, адамдарға деген сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет сезімі бар. Бұл есім естіген құлаққа да жағымды. «Қызымыз өмірді, адамдарды, айналасындағы жақындарын жақсы көре білсін,

Read More

Біздің сәбиіміздің есімі — Адина

Сіздерге хат жазу себебім, бір жарым жастағы қызым бар. Есімі – Адина. Атын әпкесі мен атасы қойды. «Адина» араб тілінен алынған есім. Мағынасы – беделді, ақылды, әділ деген ұғымды береді. Және бір мағынасы – қасиетті жұма күні. Әрине, қазақша есім қоюға да болар еді. Жалпы, біз — Ислам дінін ұстанатын халықпыз. Баланың аты өміріне тікелей байланысты…

Read More

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана. Былай қарағанда ерекше ештемесі жоқ, жай ғана қарапайым аттардың бірі. Бірақ сол бір жалғыз сөз, жалғыз есім мен үшін барша әлем. Айдана деп қызымның әкесі қойды. Аңсап күткен тұңғышымызды, денсаулық жағдайма байланысты, жүктілікке 8 ай толғанда шұғыл түрде кесар тілігімен, ота жасау арқылы, дүниеге әкелдім.

Read More

«Алтын күз» онлайн-фотобайқауы

Ана мен бала сайты ұйымдастырған «Алтын күз» онлайн-фотобайқауының екінші кезеңі басталды. Екінші кезең — дауыс беру кезеңі. Байқауға қатысушыларға дауыс беру 1-10 желтоқсан аралығында онлайн режимде болады. Байқау жеңімпазы 10 желтоқсан күні сағат 23:59-да анықталады. Ең көп дауыс жинаған үш фото үшін мынадай сыйлықтар беріледі: Байқауға қатысушылар: фотоларға басқанда олардың үлкен өлшемдері шығады Байқау аяқталды. Дауыс…

Read More

Жатыр аурулары жайында не білеміз?

Жатыр аурулары Жатыр аурулары, әдетте, Жатырдың қабынуы және Жатыр ісіктері болып екі топқа бөлінеді. Жатырдың қабынуы жасанды түсіктен кейін немесе босанғаннан кейін шырышты және бұлшық етті қабаттары жараланып, іріңдеуінен болады. Бұл кезде әйелдің дене температурасы 38 — 390С-қа дейін көтеріліп, қан тамырлары тарылып, жүрек соғысы жиілейді. Әйел безгек тигендей қалтырап, Жатырдың жиырылуы төмендейді. Жатыр қуысынан…

Read More

Шикі ет, шикі сүт және шикі тағамдар

Арнайы қораптағы шикі сүт (кейде стандартталған сүт дейді) қаншалықты қауіпті? Ол сүт те шикі сүттің қатарына жатады. Артықшылығы, арнайы бақылаудан өтіп, сүзгіленген және сүт құюға арналған қорапқа құйылған. Бірақ пастерильденбеген. Сондықтан құрамында Листериоз инфекциясын тудыратын бактериялардың болуы мүмкін.

Read More

Жүктілік кезіндегі көз ақаулары мен аурулары

Аяғы ауыр әйелдерде түрлі себептерге байланысты көздің ақаулары мен аурулары пайда болып жатады. Мысалыға,  жақыннан көргіштік (миопия), көздің құрғап кетуі, көздің мөлдір қабығының аурулары, көз жүйкесінің зақымдануы, көздің қан қысымы және т.б. Мұндай қиындықтар қалыпты және патологиялық жүктілік жағдайларында да кездеседі.

Read More

Жүктілікті анықтау тесті

Қазіргі таңда кез – келген әйел өзінің жүктілігін қарапайым тест арқылы анықтай алады. Тестте екі жолақ (сызықша) арқылы жүктіліктің бар екенін анықтауға болады. Медицина тарихында алғашқы тест 1971 жылы шыққан. Алайда бұл тесттің жауабы тек екі сағаттан соң белгілі болатын. Осылай жылдар бойы тесттердің дәлдігі, сенімділігі мен жылдамдық көрсеткіштері жақсара түсті. 1988 жылы алғаш рет…

Read More

Қыз тәрбиесі: қыз — болашақ ана

Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелеп өсіп отырған қыздар, күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті. Халқымыз ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Ана — барлық өмірдің бастауы.

Read More