Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана. Былай қарағанда ерекше ештемесі жоқ, жай ғана қарапайым аттардың бірі. Бірақ сол бір жалғыз сөз, жалғыз есім мен үшін барша әлем. Айдана деп қызымның әкесі қойды.
Аңсап күткен тұңғышымызды, денсаулық жағдайма байланысты, жүктілікке 8 ай толғанда шұғыл түрде кесар тілігімен, ота жасау арқылы, дүниеге әкелдім. Отадан соң екінші күні есімді жинағанда қызым маған Айдана деген атпен келді. Әкесі отаға бірге кіріп ең алғаш құшағына қысып тұрып, «Айдай әсем, Данадай ақылды болсын» деп атын қойыпты.
Қазір қызымыз тәтті қылықтарымен, сыңғыр күлкісімен қызығына бөлеп өсіп келеді. Алла Тағала өмір жасын ұзақ етіп, әкесі тілегендей айдай әсем, данадай ақылды боп өссе екен деймін.
Гаухар
Балым атты есім ұнайды бірақ мағынасы нені білдіреді?
«Тәттім» деген мағына береді.