Біздің сәбиіміздің есімі — Адина

Сіздерге хат жазу себебім, бір жарым жастағы қызым бар. Есімі – Адина. Атын әпкесі мен атасы қойды. «Адина» араб тілінен алынған есім. Мағынасы – беделді, ақылды, әділ деген ұғымды береді. Және бір мағынасы – қасиетті жұма күні. Әрине, қазақша есім қоюға да болар еді. Жалпы, біз — Ислам дінін ұстанатын халықпыз. Баланың аты өміріне тікелей байланысты деп өздеріңіз көп жазатын едіңіздер ғой. Сондықтан да біз де «балапанымыз болашақта иманды, таза жүріп-тұратын, дінге жақын қыз болсын» – деп, мұсылманша есім таңдадық.

Байқауға қатысқан себебім, тек жеңу үшін емес, қазіргі таңда «Адина» есімді қыздар көбейіп келеді. Бірақ ата-аналары мағынасын біле бермейді. Тек дыбысталуына ғана көңіл аударады. Менің негізгі мақсатым қызымның есімінің мағынасын түсіндіре білу болатын.

Гүлнұр

Қызықты

Күйзелістен арылудың жолы

Бірде профессор оқушыларына күйзеліс туралы сабақ өтуде. Ол стақанға...

Испандық тағам

Керектілер: 500 гр. картоп 150 гр. сыр 200 гр....

Балаға кітап оқытудың қарапайым бес әдісі

Кітап оқудың маңыздылығы жөнінде айтып уақыттарыңызды алмай-ақ қояйын. Әңгіме...

Балалар бойындағы қорқыныш пен үрей

Жалғасы. Басы: Кішкентайыңыз неге қорқақ? Балаңыздың бойында өлім алдындағы...

Майтабандық деген не және одан қалай арыламыз?

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі...