Біздің сәбиіміздің есімі — Іңкәр

Біздің сәбиіміз — Іңкәр Талғатқызы, 2011 жылдың 18 маусымында туылған. Жылы — қоян, жұлдызнамасы — шаян.
«Іңкәр» сөзінің астарында өмірге деген құштарлық, адамдарға деген сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет сезімі бар. Бұл есім естіген құлаққа да жағымды.

«Қызымыз өмірді, адамдарды, айналасындағы жақындарын жақсы көре білсін, бағалай білсін, жақсылыққа құштар болсын, сұлулыққа жақын болсын» деген ниетпен Іңкәр есімін бердік. Осы есіміне лайықты қылықты қыз боп өссе деп тілейміз. Біздіңше, бұл есім сирек кездестін есімдердің қатарында.

Тарих тереңіне үңілсек, қазақ қыздарының батыры да, ақыны да, алқалы топта сөз бастайтын данасы да көп болған. Сол аналарымыз бен апаларымыз секілді парасат пайымы терең қазақты жанындай жақсы көретін ұлтжанды қыз боп өскенін қалаймыз. Лайым Аллаһ осы тілегімізді қабыл еткей!

Балауса

Яндекс.Метрика