Жүктілік кезіндегі көз ақаулары мен аурулары

Аяғы ауыр әйелдерде түрлі себептерге байланысты көздің ақаулары мен аурулары пайда болып жатады. Мысалыға,  жақыннан көргіштік (миопия), көздің құрғап кетуі, көздің мөлдір қабығының аурулары, көз жүйкесінің зақымдануы, көздің қан қысымы және т.б. Мұндай қиындықтар қалыпты және патологиялық жүктілік жағдайларында да кездеседі.

Көз ауруларының себебінен көп жағдайларда кесар тілігі арқылы босануға тура келеді. Ішті жарып алу арқылы босандыру оқиғаларының үштен біріне жуығы осы көз ауруларының салдары болады.

«Құрғақ көз» синдромы (көздің құғап кетуі) көзге жастың жетіспеуі мен жас қабықшасы құрылысы мен қызметінің бұзылуынан пайда болады. Негізгі себебі: жүктілік кезінде көп мөлшерде бөлінетін эстроген гормондары.

Көзде жас болмағандықтан, көздің ылғалдылығы кеміп, қызарып, жарыққа деген сезімталдығы (тітіркенгіштігі) арта түседі. Мұндайда көз дәрігеріне  (офтальмолог) қаралып, «жасанды көз жасы» тамшысын тамызуға болады. Далаға шыққанда Күн сәулесінің жарығынан сақтану үшін күн сәулесінен қорғайтын қара көзілдірік таққаныңыз жөн.

Жақыннан көргіштік көзге тиісті мөлшерде қан бармағандықтан пайда болады, көзішілік қан қысымы төмендейді. Бұл бала тууға қабілетті әйелдер арасында жиі кездесетін көз ақауларының бірі болып саналады. Егер жүктілік қалыпты өтетін болса, жақыннан көргіштіктің зардабы болмайды.

Көздегі тұман немесе дақ, көздің қарауыту, қосарланған бейне: бұл жағдайлар ұзаққа созылғанда міндетті түрде көз дәрігеріне қаралу керек. Өйткені мұндай белгілер преэклампсияның белгілеріне жатады.

 

 

Яндекс.Метрика