Біздің сәбиіміздің есімі — Іңкәр

Біздің сәбиіміз — Іңкәр Талғатқызы, 2011 жылдың 18 маусымында туылған. Жылы — қоян, жұлдызнамасы — шаян. «Іңкәр» сөзінің астарында өмірге деген құштарлық, адамдарға деген сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет сезімі бар. Бұл есім естіген құлаққа да жағымды. «Қызымыз өмірді, адамдарды, айналасындағы жақындарын жақсы көре білсін,

Read More

Біздің сәбиіміздің есімі — Адина

Сіздерге хат жазу себебім, бір жарым жастағы қызым бар. Есімі – Адина. Атын әпкесі мен атасы қойды. «Адина» араб тілінен алынған есім. Мағынасы – беделді, ақылды, әділ деген ұғымды береді. Және бір мағынасы – қасиетті жұма күні. Әрине, қазақша есім қоюға да болар еді. Жалпы, біз — Ислам дінін ұстанатын халықпыз. Баланың аты өміріне тікелей байланысты…

Read More

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана. Былай қарағанда ерекше ештемесі жоқ, жай ғана қарапайым аттардың бірі. Бірақ сол бір жалғыз сөз, жалғыз есім мен үшін барша әлем. Айдана деп қызымның әкесі қойды. Аңсап күткен тұңғышымызды, денсаулық жағдайма байланысты, жүктілікке 8 ай толғанда шұғыл түрде кесар тілігімен, ота жасау арқылы, дүниеге әкелдім.

Read More

«Алтын күз» онлайн-фотобайқауы

Ана мен бала сайты ұйымдастырған «Алтын күз» онлайн-фотобайқауының екінші кезеңі басталды. Екінші кезең — дауыс беру кезеңі. Байқауға қатысушыларға дауыс беру 1-10 желтоқсан аралығында онлайн режимде болады. Байқау жеңімпазы 10 желтоқсан күні сағат 23:59-да анықталады. Ең көп дауыс жинаған үш фото үшін мынадай сыйлықтар беріледі: Байқауға қатысушылар: фотоларға басқанда олардың үлкен өлшемдері шығады Байқау аяқталды. Дауыс…

Read More

Жатыр аурулары жайында не білеміз?

Жатыр аурулары Жатыр аурулары, әдетте, Жатырдың қабынуы және Жатыр ісіктері болып екі топқа бөлінеді. Жатырдың қабынуы жасанды түсіктен кейін немесе босанғаннан кейін шырышты және бұлшық етті қабаттары жараланып, іріңдеуінен болады. Бұл кезде әйелдің дене температурасы 38 — 390С-қа дейін көтеріліп, қан тамырлары тарылып, жүрек соғысы жиілейді. Әйел безгек тигендей қалтырап, Жатырдың жиырылуы төмендейді. Жатыр қуысынан…

Read More

Шикі ет, шикі сүт және шикі тағамдар

Арнайы қораптағы шикі сүт (кейде стандартталған сүт дейді) қаншалықты қауіпті? Ол сүт те шикі сүттің қатарына жатады. Артықшылығы, арнайы бақылаудан өтіп, сүзгіленген және сүт құюға арналған қорапқа құйылған. Бірақ пастерильденбеген. Сондықтан құрамында Листериоз инфекциясын тудыратын бактериялардың болуы мүмкін.

Read More

Жүктілік кезіндегі көз ақаулары мен аурулары

Аяғы ауыр әйелдерде түрлі себептерге байланысты көздің ақаулары мен аурулары пайда болып жатады. Мысалыға,  жақыннан көргіштік (миопия), көздің құрғап кетуі, көздің мөлдір қабығының аурулары, көз жүйкесінің зақымдануы, көздің қан қысымы және т.б. Мұндай қиындықтар қалыпты және патологиялық жүктілік жағдайларында да кездеседі.

Read More

Жүктілікті анықтау тесті

Қазіргі таңда кез – келген әйел өзінің жүктілігін қарапайым тест арқылы анықтай алады. Тестте екі жолақ (сызықша) арқылы жүктіліктің бар екенін анықтауға болады. Медицина тарихында алғашқы тест 1971 жылы шыққан. Алайда бұл тесттің жауабы тек екі сағаттан соң белгілі болатын. Осылай жылдар бойы тесттердің дәлдігі, сенімділігі мен жылдамдық көрсеткіштері жақсара түсті. 1988 жылы алғаш рет…

Read More

Қыз тәрбиесі: қыз — болашақ ана

Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелеп өсіп отырған қыздар, күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті. Халқымыз ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Ана — барлық өмірдің бастауы.

Read More

Сәбидің тырнағын қалай алған дұрыс?

Кішкентай ғана нәрестенің тырнағы көп ұзамай-ақ өсіп кетеді. Тырнағы жұмсақ болса да бет-ауызын тырнап алуы мүмкін. Сондықтан кішкентайыңыздың саусақтарындағы тырнақтарының өсіп кеткенін байқасаңыз, оларды алып тастаңыз. Немен аламыз? Тырнақты алу үшін арнайы қайшы немесе тырнақалғышты пайдалануға болады.

Read More

Жүктілік күнтізбесі: бірінші ай (1-4 апта)

Шамамен 14 күндік етеккір кезеңінде жетілген аналық ұрық жасушасы жатыр түтігіне (фаллопий түтігі, аналық без бен жатырды байланыстырады, ұзындығы: 10-12 см) келіп түседі. Осы жерде ол 24 сағат бойына ғана ұрықтану қабілетіне ие болады, яғни өмір сүру ұзақтығы бір тәулікке созылады. Сол аралықта ұрықтанбаса, «өледі». Келесі етеккір кезеңінде сыртқа шығады.

Read More

Жүкті әйелдің бала емізуіне бола ма?

Қызым 1 жас 7 айлық. Еміземін. Өзім жүктімін, 5-ші апта. Менің жағдайымда бала емізуді жалғастыра беруге бола ма? Жүктілік сүттің құрылымына әсер ете ме? Егер әсер ететін болса, баланы емшектен қалай шығаруыма болады? Қайта жүкті болған жағдайда емізуді жалғастыра беруге болады.

Read More

Он айлық сәбидің тек емшек емгені дұрыс па?

Менің қызым 10 айлық, әлі күнге дейін бір емшегімді ғана емеді, басқа қосымша тамақты тіпті қажет етпейді. Көбісінің балалары бұл кезде барлығын да таңдамай жей береді, ал менің қызым қасықты итеріп жібереді, аузына бірдеңе салсаң, тілін қолымен сүртіп тастайды. Емшегімдегі сүттің де азая бастағанын байқадым. Алғашқы қосымша тамақты дәрігердің айтуымен жоспар бойынша бере бастадық. Ал…

Read More