Жүктілік күнтізбесі: бірінші ай (1-4 апта)

Шамамен 14 күндік етеккір кезеңінде жетілген аналық ұрық жасушасы жатыр түтігіне (фаллопий түтігі, аналық без бен жатырды байланыстырады, ұзындығы: 10-12 см) келіп түседі. Осы жерде ол 24 сағат бойына ғана ұрықтану қабілетіне ие болады, яғни өмір сүру ұзақтығы бір тәулікке созылады. Сол аралықта ұрықтанбаса, «өледі». Келесі етеккір кезеңінде сыртқа шығады.

«Жүктіліктің алғашқы айы әйел мен еркектің жыныстық қатынасы болған уақыттан басталады» деген түсінік — мүлдем қате түсінік. Жүктілік соңғы етеккір кезеңінен басталады. Етеккір кезеңінде аналық безде жетілген аналық ұрық жасушалары (аналық жыныс жасушасы, ооцит) сперматозоидпен қосылып, ұрықтануға дайын тұрады. Аналық жыныс жасушасы өзінің қорғаныш қабытының арқасында ішіне тек жалғыз сперматозоидты кіргізуге тырысып, басқаларының кіруіне жол бермейді. Кейде аналық ұрық жасушасына бір емес бірнеше сперматозоид еніп кетеді. Соның есебінен екі немесе одан да көп жасушалы егіздер дүниеге келеді. Немесе бір сперматозоидпен ұрықтанған ұрық екіге бөлініп, бір ұрықты екі егіздер дүниеге келеді. Егіздер жайлы толығырақ.

Аналық жыныс жасушасына кіре алмаған сперматозоидтар «өледі», кірген сперматозоид ары қарай аналық жасушамен біріге отырып ұрықтанған жасушаны (зигота) түзеді. Зиготадан эмбрион (ұрық) пайда болады.

Ұрықтану, Аналық ұрық жасушасы, Сперматозоид
Ұрықтану

Жыныстық қатынастан соң әйелдің жатыр түтігінде еркектен бөлінген сперматозоид (аталық жыныс жасушасы) пен қосылатын аналық жасуша ұрықтануды бастайды (24 сағат бойына ұрықтануға қабілетті болады). Ұрықтанған ұрық жасушасы (зигота) жатыр түтігі арқылы төрт күн бойы жүріп отырып, жатырға келіп түседі. Жатырға дейінгі жолда (морула кезеңі) 2, 4, 8, 16 және 32 болып бөліну арқылы көбейген ұрықтанған жасушалар пайда болады. Морула дегеніміз ұрықтың алғашқы эмбриондық даму кезеңі. Сол кезеңдегі ұрықты да Морула деп атайды.

Морула, Morula, Морула кезеңі, Ұрықтану
Морула

Моруладан кейін, ұрықтанудың жетінші күні бластоциста кезеңі басталады. Бластоциста кезеңіндегі ұрықтанған ұрық жасушасы жатырдың жоғарғы бөлігіндегі шырышты қабатқа келіп орналасады. Сол жердегі қан тамырлары арқылы қоректенеді (оған дейін аналық безден алған қоректік қордан нәр алады). Бұл кезеңдегі ұрықтың (эмбрионның) атауы да — бластоциста. Бластоциста диаметрі 0,1-0,2 мм болатын 250 ұрықтанған жасушалардан тұрады.

Бластоциста, Бластоциста кезеңі
Бластоциста

Бластоциста Хорион бүрлері (ұрық сыртындағы қабықша бүрлері) арқылы жатырдағы қан тамырларына еніп, ұрыққа қажетті қоректі алады.

Эмбрионның жатырға түскендігі туралы белгі болғанда, жатыр баланың жолдасын (қағанақ) түзе бастайды. Қағанақ ұрық дүниеге келгенше қоректендіруші ағза және қорғаушы қабат қызметін атқарады. Қағанақтан бөлінетін эстроген және прогестерон гормондары жатырдың шырышты қабатын күшейтіп, эмбрионның өсуіне әрі дұрыс жетілуіне көмектеседі. Кейін қағанақтан бөлінген гормондар әйелдің қанына қосылады, ал эмбрион гормондарды қан арқылы алады. Ұрықтанудың екінші аптасының соңында болатын жүктілікті анықтау тесті кезінде әйелдің зәрінде әлгі гормондардың бар екендігі анықталады. Осы кезден бастап етеккір келмейді. Себебі аталған гормондар аналық бездің овуляциясын тоқтатады, аналық бездері гормондардың көмегімен мидағы гипофизге етеккірді келтірмеу туралы белгі береді. Соның арқасында аналық бездерден аналық ұрық жасушалары бөлінбейді.

Міне, енді осы сәттен бастап (етеккір тоқтағаннан бастап) ұрықтануды артқа тастаған жүктілік кезеңі басталады.

Ұрықтанған ұрық жасушасы алғашқы кезден бастап-ақ әйел мен еркектен алған генетикалық қасиеттерге ие болады: 23 хромосома әйелден, 23 хромосома еркектен. Бұл ұрықтың бойында анасы мен әкесіне тән қасиеттер болатындығын көрсетеді.

Нағыз жүктіліктің алғашқы аптасы (үшінші апта)

Жоғарыда сперматозоидтың аналық ұрық жасушасымен қосылып, ұрықтанудың басталатын сәтінен бастап біраз жайтты баяндадық. Екі апталық уақытқа созылатын ол кезеңді жүктіліктің алғашқы екі аптасына жатқызу немесе жатқызбау туралы екі түрлі ұстаным бар. Біреулер ол кезеңді жүктілікке жатқызбайды, ал енді біреулері жатқызады. Сол себептен де «нағыз жүктілік» дегенді қолдану арқылы жүктіліктің жүктілікті анықтауға арналған тестерді тапсырған кезден басталатындығын алға тартып отырмыз.

фото: psyberia.ru

Comments 5

  • Салеметсиздер ма?! Сизге коятын сурагым бар еди. Руксат болса, мен турмыска шыккалы еки айтотти, 19.01.2018 куни озим ушин алдын ала тексериске гинекологка бардым.. сол кезде мазок УЗИ бари жаксы деген узида матка ашык деди месячн придут деген. А месячные сол куни 19.01 келу керектин. Келмесе, тест алып 3-4 куннен кейн тексер деген.айткандай 24.01 жане 25.01 тексергенде он натиже корсетти. Енди менде Бари жаксы ма калай билуге болады? Нешинши срок? Кандай срок екенин кайдан билуге болады? Кашан тексериске бару кажет? Жыныстык катынас зиян ба?

    • Сәлеметсіз бе, Жанна! Мерзімін соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап санау арқылы білуге болады. Содан шыққан күндерден екі аптаны алып тастайсыз.Дәрігерге етеккір мүлдем келмей, тест оң нәтижесін көрсеткеннен кейін баруға болады. Жыныстық қатынас көп жағдайда зиян емес, дәрігер бір ауытқуларды байқаса ғана, қатынасқа түсуге болмайды деп айтуы мүмкін.

  • Сәлеметсіз бе? Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар.Менің қыркүйек айының 22-күні спералымды алған болатынмын .Әр айдың 25 етекірім келеді.Ал тамыз айында етекірім келмеді.Түсініксіз жағдай? Егерде мен тамыз айында көтерген болсам спералымды алдырғанда ішімдегі балам түсіп қалам ма?

  • Сәлеметсіз бе? Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар.Менің қыркүйек айының 22-күні спералымды алған болатынмын .Әр айдың 25 етекірім келеді.Ал тамыз айында етекірім келмеді.Түсініксіз жағдай? Егерде мен тамыз айында көтерген болсам спералымды алдырғанда ішімдегі балам түсіп қалам ма?

  • салматсызба маган 09.11.18 етекер келген 4кун келип содан 27иш курлысым ауырып саргыш виделеня келди котердим ба

Яндекс.Метрика