Сәбидің тырнағын қалай алған дұрыс?

Кішкентай ғана нәрестенің тырнағы көп ұзамай-ақ өсіп кетеді. Тырнағы жұмсақ болса да бет-ауызын тырнап алуы мүмкін. Сондықтан кішкентайыңыздың саусақтарындағы тырнақтарының өсіп кеткенін байқасаңыз, оларды алып тастаңыз.

Немен аламыз? Тырнақты алу үшін арнайы қайшы немесе тырнақалғышты пайдалануға болады.

Қашан аламыз? Нәрестенің тырнақтарын шомылдырып барып алсаңыз, өте оңай болады. Өйткені су тиген тырнақтар одан сайын жұмсара түседі.

Қалай аламыз? Саусақтарындағы тырнақтарын дөңгелектеп, ал башпайларындағы тырнақтарын түзу етіп алыңыз. Дөңгелектеп алу үшін бір рет емес, бірнеше рет кішкентай етіп алуға болады.

Абайлаңыз!

Тырнақтарын тырнақасты еттерге тым жақын қылып алмаңыз.

Сәби тынышталмаса, тырнағын алған абай болыңыз. Қарнын тойғанда, шомылып болғанда, ұйықтағанда тынышталады. Сондай сәттерді пайдаланып тырнағын алуға болады.
Сайттағы жаңа мақалаларға email арқылы жазылу

Яндекс.Метрика