Нарын

Қажетті заттар:

Ет
Сәбіз
Картоп
Пияз
Күнбағыс майы
Ұн

Дайындалуы:

Бесбармақ сияқты етті қайнатып, оған сәбіз, картоп, пиязды саламыз. Қамырын илеп, жұқалап жаямыз. Күнбағыс майын бір тегіс қылып жағып шығамыз. Қамырды орап манты қазанға салып 40,50 минут қойып пісіріп аламыз. Дайын болған қамырды кеспе сияқты жіңішкелеп турап легенге саламыз. Тұздық жасап қамырдың үстіне саламыз. Тұздықтың мына түрін жасасаңыз да болады. Пиязды майға қуырып, тұз, томат саласыз.
Қамырдың үстіне ет, сәбіз, картоп, пияз салғасын бір кесе сорпаны қуйып шығасыз. Асымыз дайын.

Яндекс.Метрика