Monthly archives: Қараша, 2012

Жатыр аурулары жайында не білеміз?

Жатыр аурулары Жатыр аурулары, әдетте, Жатырдың қабынуы және Жатыр ісіктері болып екі топқа бөлінеді. Жатырдың қабынуы жасанды түсіктен кейін немесе босанғаннан кейін шырышты және бұлшық етті қабаттары жараланып, іріңдеуінен болады. Бұл кезде әйелдің дене температурасы 38 — 390С-қа дейін көтеріліп, қан тамырлары тарылып, жүрек соғысы жиілейді. Әйел безгек тигендей қалтырап, Жатырдың жиырылуы төмендейді. Жатыр қуысынан …

Шикі ет, шикі сүт және шикі тағамдар

Арнайы қораптағы шикі сүт (кейде стандартталған сүт дейді) қаншалықты қауіпті? Ол сүт те шикі сүттің қатарына жатады. Артықшылығы, арнайы бақылаудан өтіп, сүзгіленген және сүт құюға арналған қорапқа құйылған. Бірақ пастерильденбеген. Сондықтан құрамында Листериоз инфекциясын тудыратын бактериялардың болуы мүмкін.

Жүктілік кезіндегі көз ақаулары мен аурулары

Аяғы ауыр әйелдерде түрлі себептерге байланысты көздің ақаулары мен аурулары пайда болып жатады. Мысалыға,  жақыннан көргіштік (миопия), көздің құрғап кетуі, көздің мөлдір қабығының аурулары, көз жүйкесінің зақымдануы, көздің қан қысымы және т.б. Мұндай қиындықтар қалыпты және патологиялық жүктілік жағдайларында да кездеседі.

Жүктілікті анықтау тесті

Қазіргі таңда кез – келген әйел өзінің жүктілігін қарапайым тест арқылы анықтай алады. Тестте екі жолақ (сызықша) арқылы жүктіліктің бар екенін анықтауға болады. Медицина тарихында алғашқы тест 1971 жылы шыққан. Алайда бұл тесттің жауабы тек екі сағаттан соң белгілі болатын. Осылай жылдар бойы тесттердің дәлдігі, сенімділігі мен жылдамдық көрсеткіштері жақсара түсті. 1988 жылы алғаш рет …

Қыз тәрбиесі: қыз — болашақ ана

Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелеп өсіп отырған қыздар, күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті. Халқымыз ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Ана – барлық өмірдің бастауы.

Сәбидің тырнағын қалай алған дұрыс?

Кішкентай ғана нәрестенің тырнағы көп ұзамай-ақ өсіп кетеді. Тырнағы жұмсақ болса да бет-ауызын тырнап алуы мүмкін. Сондықтан кішкентайыңыздың саусақтарындағы тырнақтарының өсіп кеткенін байқасаңыз, оларды алып тастаңыз. Немен аламыз? Тырнақты алу үшін арнайы қайшы немесе тырнақалғышты пайдалануға болады.

Жүктілік күнтізбесі: бірінші ай (1-4 апта)

Шамамен 14 күндік етеккір кезеңінде жетілген аналық ұрық жасушасы жатыр түтігіне (фаллопий түтігі, аналық без бен жатырды байланыстырады, ұзындығы: 10-12 см) келіп түседі. Осы жерде ол 24 сағат бойына ғана ұрықтану қабілетіне ие болады, яғни өмір сүру ұзақтығы бір тәулікке созылады. Сол аралықта ұрықтанбаса, «өледі». Келесі етеккір кезеңінде сыртқа шығады.

Жүкті әйелдің бала емізуіне бола ма?

Қызым 1 жас 7 айлық. Еміземін. Өзім жүктімін, 5-ші апта. Менің жағдайымда бала емізуді жалғастыра беруге бола ма? Жүктілік сүттің құрылымына әсер ете ме? Егер әсер ететін болса, баланы емшектен қалай шығаруыма болады? Қайта жүкті болған жағдайда емізуді жалғастыра беруге болады.

Яндекс.Метрика