Monthly archives: Қыркүйек, 2011
Жалғызбасты ана болу оңай ма?
Өткен ғасырдың ортасында-ақ біздің қоғамда «жалғызбасты ана» ұғымы пайда болған еді. Өйткені, оған дейін әйел балаларын жалғыз тәрбиелемеген. Ері қайтыс болған әйелді қайынағасы немес қайынінісіне әмеңгерлікпен үйлендірген. Ал, ажырасуды құлақ естіп, көз көре бермейтін. Мүлде болмайтын десек те қателеспеспіз. Сондықтан, ел аузында «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» сөзі қалды. Әйтсе де, бүгінгі күні «жалғызбасты …
Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау
Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз. Бірінші әдіс – жеке «овуляция күнтізбесін» құрастыру. Бірақ ең алдымен, етеккірдің келу аралығының ұзақтығы әрдайым тұрақты екендігіне (яғни әр етеккірдің келу аралығы кейбірінде 28, кейбірінде 30-34 күн) көз жеткізіп алу керек. Бұны анықтау үшін алты-жеті айдай уақыт кетеді, бұл кезеңде сіз жай
Бойға баланың бітуі қалай жүреді?
Бойға баланың бітуі қалай жүреді? Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыр түтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты …
Жасанды толғақ деген не?
Балаңызға ойыншық алып бересіз бе?
Үйде кішкентайыңыздың бөлмесі соңғы үлгідегі барлық ойыншықтардың жаңа түрлеріне лық толы. Ас үйде де балаңыздың жақсы көретін түрлі тәттілері бар, ал оған сонда да жетпейді. Сырты әсемделген ашық түсті қорапты көрсе болды (оның ішінде не бар екені оған бәрібір), екі көзі жайнап, «маған осыны алып бер» деп өжеттеніп, табан тіреп тұрып алады. Бұдан «балаға не …
Дене қызуы: себебі, салдары, қызуды төмендету амалдары
Нәресте дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндері бұл ортаға үйренгенге дейін дене қызуы жоғарылау (37,0–37,4°C) болады. Бірнеше аптадан кейін біртіндеп қалпына түседі (36,0–37,0°С). Әр баланың ағзасы түрлі болатындықтан, дене қызуының бар-жоқтығы былай анықтауға болады. Қалыпты кезеңде дене қызуы 36,0°С болып, келесі күні 37,5-ке көтерілсе, алаңдауға болады. Ал, егер күнделікті қызуы 37,0°С бола тұра, ешқандай жайсыздық байқалмаса, …
Сәбидің бөлмесіне қажетті жиһаздар
Әр баланың жеке кеңістігі болу керек. Бұл жерде ол өмір сүреді, өсіп-дамиды, әлеммен танысады, дербестікке үйренеді, ойнайды, қуанады-мұңаяды, достарымен әңгімелеседі. Сәбиіңіздің алғашқы күнінен оның бөлмесі есейген кезінде сағына еске алатын балалық шақтағы ертегіге ұқсас болуы керек. Балаңыздың бөлмесінде не болу қажет? Бала төсегі. Бұнда сәбиіңіздің көп уақыты өтеді, сондықтан ол оған жайлы, ал ата-анасына ыңғайлы …
Балаңыз балабақшаға барса…
фотолар: qogam.kz, dmk.kz Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбиенің сәбиді отбасында тәрбиелеумен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Бөбекжай-балабақшалардың бөлмелері балаларға арналған арнайы жиһаздармен жабдықталған әрі кең де жарық. Олардың білікті қызметкерлері балалардың шеберлік қабілетін дамытатын, қоршаған орта туралы түсінік беретін сабақтар өткізеді. Ойыншықтарды, оқу құралдарын өздері іріктеп алады. Тәжірибелі тәрбиешілердің бақылауымен және
Перзентханаға не алып бару керек?
Жүктіліктің соңғы апталары жақындаған сайын әрбір ананың бойында қорқыныш пен үрей билейтіні жасырын емес. Мейлі, біріншісі болсын, мейлі, төртіншісі болсын, қобалжымайтындар некен-саяқ. Толғақ кенеттен басталса абыржып, перзентханаға қажетті заттарды ұмытып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан, алдын-ала әзірлеп қойыңыз! Енді босанғанға дейін қажет болатын заттардың тізімін жасасақ: Ең әуелі, құжаттар. Жеке бас куәлігі немесе паспорт, жүкті әйелдің картасы …
1 жасқа дейінгі балаларда кездесетін кейбір аурулар
Өкпенің қабынуы (воспаление легких). Бұл ауру, әсіресе, жас нәресте үшін өте қауіпті. Өкпе қабынуы күз, қыс айларында көп болады. Оның себебі әртүрлі. Сәбиге болмашы ғана тұмау тигеннің өзінде тыныс алу жолдары тарыла түседі де, бала мұндай жағдайда аузымен дем алады. Балаға емшек ему де қиынға соғады. Сәби тыныс жолымен емес, аузымен дем алғандықтан, ауа өкпе …
Дәріні дұрыс пайдалануды білесіз бе?
фото: josyannabisaab.com, searo.who.int Қазіргі кезде көптеген ауру түрлерін емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің алуан түрлері кездеседі. Сол дәрілерді орынсыз сатып ала бермей, тек қажет уақытында ғана керегін алған дұрыс. Оның үстіне, қала тұрғындарына артық дәрі сатып алудың қажеті де жоқ. Біріншіден, ол дәрі үйде көп тұрған соң күшін жоғалта бастайды, екіншіден, кейде үйдегі дәрі балалардың қолына түсіп, …
Алдын-ала егу
Бала – ата-анасының зор қуанышы, баға жетпес байлығы, оның болашағы. Сондықтан кім де болса өз болашағын мәпелеп, аялап, жақсы азамат етіп өсіруге тырысады. Дені сау болып, ешқандай дертке ұшырамаса деп тілейді. Бірақ дерттен сақтау, ақыл-есі дұрыс, мықты, қабілетті, білімді етіп өсірудің жолы бір басқа. Кейбір ата-аналар сондай тілек тілеумен ғана шектеліп, сөзден нақтылы іске баспайды. Ал …