Monthly archives: Желтоқсан, 2011

Балалардың арманы

Балалардың үлкен арманы Авторы: Сәкен Жолдас Бұл ролик 2010 жылы «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Көзіңді аш» атты әлеуметтік роликтер сайысына қатысып, «Көрермендер көзайымы» сыйлығын жеңіп алды.

Даун синдромы

Даун синдромы генетикалық ауытқулар салдарынан пайда болатын геномдық ауру. Әдетте 21-ші хромосомада қалыпты жағдайдағы екі хромосома емес, үш хромосома болады. Ол патологиялық жағдайды Трисомия деп атайды. 21-ші хромосомада трисомия болғандықтан, Даун синдромының Трисомия 21 деген де атауы бар. Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық …

Жетілмей қалған жүктілік

Жетілмей қалған немесе дамымай қалған жүктілік (орыс.: замершая беременность) — жатырдағы ұрықтың жүктілік барысында дамымай қатып қалып, тіршілік етуін тоқтатуы. Бұл патологиялық жағдайға жатады. Жүкіліктің мұндай сәтсіз түрі алғашқы триместрде (12-13 аптаға дейін) көп болады. Бұрынғы уақыттарда менопаузаға жасы таяп қалған әйелдер көп ұшырасса, қазіргі күндері жиырманың үстіндегі жас келіншектер де ұрынып жатады. Отандық гинеколог мамандардың деректеріне …

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) — ағзаны ультрадыбыстық толқындар көмегімен инвазивті емес түрде тексеру. Диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі — УДЗ. Зерттеудің бұл әдісі арқылы жатырдағы ұрықтың жынысын, жағдайын (өлі немесе тірі екендігін) анықтауға болады. «УДЗ жатырдағы сәбиге зиян» деп, тексерілуден бас тартуға болмайды. Олай етсеңіз, сәбидің бойындағы аздаған ақаулардың соңы үлкен кемшіліктерге ұласуы мүмкін.

Балам жиі ауырады. Неге?

Аурухана есігін қаққан аналардың көбі перзентінің жиі ауыратындығына шағым жасайды. Кейбір таныстарымыз мұны баланың қалыпты дамуы деп қабылдаса, бірі қауіптілігін айтып, үрейлендіріп жатады. Дрігерлер қауымының бұған көзқарасы қандай? Тараз қалалық №2 қалалық емхананың балалар дәрігері Сәуле Қуатбекова не дейді екен? Дәрігерлер жиі ауыратын бала деп кімді айтады? Жауап: Дәрігерлер қауымы 1 жасқа толмаған балаларды жиі …

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Қаназдық (анемия) — жүктілік кезінде өте жиі кездесетін ауру. Үнемі басты ауыртып, балтырды сыздатпағанымен, болашақ ана мен болашақ сәбидің денсаулықтарының мықты болуына кедергі келтіреді. Қаназдық дегеніміз анемия. Ол байқалған кезде қан құрамындағы эритроциттерде кездесетін гемоглобин (оттегі тасымалдағыш ақуыз) мөлшерінің кеміп кетуі орын алады. Гемоглобинмен бірге эритроциттердің кеміп кетуі де мүмкін. Бұл кесел жылдың қыс және көктем …

Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар.

Іші шыққан әйел қалай ұйықтау керек?

Жүктіліктің бесінші айынан бастап аяғы ауыр әйелдің іші шығады. Жүктіліктің соңына қарай қарны (іші) үлкейіп кетеді. Алғашқыда қалыптасып кеткен ұйқыдағы күйіңізде ұйықтай алмайсыз. Себебі шыққан ішіңізбен «санасуға» тура келеді. Бір-екі түндік жайлы ұйқыңызды қисаңыз, жаңа қалыпқа (күйге) үйреніп аласыз.

Сәбидің шашы, шаш тазалығы

Дүниеге келгеннен кейін бірнеше күннен соң анасының жатырында жатып-ақ пайда болған сәбидің шашы түсе бастайды. Оның орнына жаңасы өседі. Жас аналар сәбидің басындағы теріні қаптап тұратын қалың сарғыш қабыршаққа бола үнемі мазасызданады. Бұған бола мазасызданудың қажеті жоқ: бұл – қалыпты физикалық құбылыс. Алайда теріні еркін тыныс алып тұру үшін артық қабыршақтардан жиі тазалап тұрған дұрыс. …

Сәбиіңіздің тіс күтімі қандай болуы керек?

Алғашқы тістері қашан шығады? Сәбидің алғашқы тістері анасының жатырында жатқанында-ақ қалыптаса бастайды. Табиғат «сыртқа шығуға бұйрық бергенше» қызыл иектерінің ішінде жасырынып жатады. Дені сау баланың сүт тістері 5-7 айлығында қызыл иекті жарып шыға бастайды. Ең бірінші болып төменгі орталық екі тісі, одан соң тура сондай жоғарғы тістері шығады. 12 айға дейін оған оң және сол …

Цитогенетикалық әдіс

Цитогенетикалық әдіс (цитогенетикалық зерттеу әдісі) — адамның хромосомалық жиынындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстарды анықтауға арналған сарапатама, зерттеу. Бұл әдіс хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. Зерттеу нәтижесінде хромосомалардың саны мен құрылымын анықтауға мүмкіндік туады.

Сәбиді шомылдыру

Шомылдыру Көптеген балалар туылғанынан-ақ суға түскенді жақсы көреді: себебі су оларға жатыр ішіндегі тыныш өмірді елестетеді. Баланы шомылдыру оған қуаныш сыйлау ғана емес, өте маңызды тазалық шараларының бірі болып табылады. Су тек теріні тазалап қана қоймайды, сонымен қоса, терінің одан арғы дамуын жетілдіреді, қан айналысын жақсартады. Және де әкесі мен анасының арасындағы тығыз байланысты орнатады: …

Яндекс.Метрика