Monthly archives: Қараша, 2011

1 жасқа дейінгі баланың салмағы (массасы) мен бойы

Қалыпты жағдайда дүниеге келген сәбилердің салмақтары мен бойлары жыныстарына қарай әр түрлі болады. Мысалы, ер балалардың орташа салмақтары 3200–3500 грамм, орташа бойлары 49–52 см болады. Ал қыздарда басқаша: орташа салмақтары 3000–3300 грамм, орташа бойлары 48–50 см.

Алтын алқа

Алтын алқа — жеті немесе одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін көпбалалы аналарға тағайындалатын алқа түріндегі марапат, ҚР ордені мәртебесіне ие. Бұл награданы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Жарлық шығару арқылы тағайындайды. Қазақстан Республикасының «Алтын алқа» марапаты 1993 жылы ҚР Президентінің жарлығымен бекітілді. Алғашында он және одан көп баласы бар аналарға берілетін еді. Кейіннен …

Болашақ ананың жеуіне болмайтын азық-түліктер

Мақаланың басы: Жүкті әйелдің тамақтану тәртібі Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын азық-түліктер Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын азық-түліктер туралы мәселе әр әйелдің жүктілікке дейінгі жалпы денсаулығына байланысты қарастырылуы қажет. Диетолог мамандар жүктілік кезінде рационнан бүгінгі күні азық-түлік өнеркәсібінде кең қолданылатын құрамында консерванттар, хош иістендіргіш, бояғыш, т.б. жасанды қосымша заттар бар азық-түліктерді алып тастауға кеңес береді. Яғни мұндай …

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүктілік кезіндегі темекі шегуге бола ма? Болмайды. Жүкті емес адамдардың да темекі шегулері денсаулықтарына зиян болмаса, ешқандай пайда бермейді. Ал ерекше күтімді қажет ететін, яғни аяғы ауыр әйелдің темекі шегуі орны толмас зардаптарға соқтырады. Өйткені жүктілік кезінде темекінің

Жүкті әйелдің тамақтану тәртібі

Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану – ұрықтың жақсы өсіп-дамуы үшін, әйелдің көңіл-күйінің жақсы болуы үшін, сонымен бірге босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңнің қолайлы өтуі үшін қажет. Тамақпен қоса болашақ ана бойына энергия және жатырындағы сәбидің дамуына қажет «құрылыс материалдарын» алады. Азық-түлік құрамындағы құнарлы заттар (ақуыздар, майлар, көрсулар, дәрумендер мен минералды заттар) ағзаға еніп, генетикалық программалардың дұрыс …

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Сәбидің ана сүтін емуінің маңызы зор Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – анасының сүті. Ана сүті өмірге жана келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуальды және эмоциональды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі.

Жүктілік кезінде дәрі-дәрмектерді қабылдау

Емделгенде абай болыңыз! Бүгінгі таңда жүкті әйелдердің 92%-ы әртүрлі дәрі-дәрмектер қабылдайды, көптеген дәрі-дәрмектерді дәріханадан ала беруге болатындықтан, кейде дәрігерімен кеңеспей-ақ өздігінен ем жүргізетіндер бар. Ұрықтың дамуына және жүктілік ағымына әсері қандай екенін анықтау мақсатымен дәрі-дәрмектердің кейбірі клиникалық зерттеулерден өтпейді. Сондықтан жүкті әйелдерге қауіпті емес дәрі-дәрмектер өте аз. Жасанды түрде синтезделген дәрілік заттар ғана емес, сонымен …

Кефалогематома жайлы сұрақтар

Кефалогематома деген қандай ауру? Белгілері қандай болады? Кефалогематома — жаңадан туылған нәрестенің бас сүйегіндегі сүйектің бетін жапқан қабат (сүйектің ең үстіңгі жылтыр қабығы) пен жалпақ сүйектердің арасына қан құйылу жағдайы. Мұндай жайсыздықтың кездесу жиілігі 0,3–0,5%

Бесік той (Бесікке салу)

Бесік той — дәстүр, отбасындағы тұңғыш нәресте дүние келгеннен кейін, қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан. Бесік тойда жас нәресте нағашылар жұртының әйелдері әкелген бесікке бөленеді. Бесік тойға еркектер қатыспайды. Бесік той тек алғашқы перзенттің бесікке бөлену құрметіне жасалады. Ал бесікті алып калетін жақта «Бесік алып бару» дәстүрі бар: бесік тойға апаратын заттар мен жабдықтарды көрші-қолаңдар көреді. …

Баланың бұлшық етіне укол сала аласыз ба?

Кішкентай балаңыз сырқаттанып қалды делік. Дәрігер антибиотиктер тағайындады. Таблеткалармен қатар жамбасқа инемен дәрі жіберу (укол салу) керек болды. Күніне бір рет емес 3 рет. Таң атпастан немесе қас қарая емханалар жұмыс істемейтіндіктен өздігінен дәрі еге алмайтын аналар үшін қиындық тудыратыны бар. Тіпті, кейбірі  таныс маман іздеп, әуре-сарсаңға түседі. Ал, қиындықтан шығудың амалын қарастырып, өздігінен қолына …

Жүктілік кезінде Нафтизиннің зияны болады ма?

Нафтизин, Нафазолин (Naphazoline) — түрлі себептермен мұрын қуысының шырышты қабатындағы қан тамырлары үлкейіп, тыныс алу қиындаған кезде пайдаланылатын дәрілік зат (мұрынға тамызады, немесе себеді), улы. Нафтизинді көп қолданған адам оған тәуелді болып қалады. Бұл дәрінің нұсқаулығында аяғы ауыр әйелдерге тигізетін зияны туралы ештеңе жазылмайды. Дегенмен, басқа адамдарға тигізетін кері әсері жетерлік нафтизіннің жүкті әйел мен жатырдағы балаға зиянды …

Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?

Мақаланың басы: Бала неге өтірік айтады? Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма? Отбасында өтірік айтудың қажеті жоқ жағдайларды қалыптастырыңыз. Егер бала ата-анасына өзінің құпияларын сеніп айта алатынын білсе, оның әрекеттері талқыланып, дұрыс деп қарастырылса, ал жазалану тәрбиелеу әдісі ретінде қолданылмаса, онда өтірік айтудың себебі ешқашан туындамауы мүмкін. Өтірігінің бетін ашып, жазаламас бұрын ең алдымен балаңызды …

Жүктілік кезіндегі өмір салты

Жүктілік және зиянды әдеттер Болашақта ана болатын әйелдің зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн (жүктілікті алдын ала жоспарлаған сәттен бастап бұл іске кіріскені дұрыс). Бұны істеу әрине, оңай емес. Бірақ жүктілік кезінде көптеген әйелдердің болашақ сәбиінің дұрыс қалыптасуы үшін жауапкершілігі жоғары, сондықтан барлық күш-жігеріңізді жинап, мықты болуға тырысыңыз. Бүгінгі күні темекі шегу мен ішімдіктер ішу күнделікті …

Яндекс.Метрика