Monthly archives: Маусым, 2011

Балаңыз өтірік айта бастаса…

Өтірік айтпайтын бала болмас. Кез-келген ата-ананың алдынан осы проблема ерте ме, кеш пе шығатыны анық. Психолог мамандардың пікірінше, дер кезінде қолға алса, бұл «аурумен» де күресуге болады. Бала не үшін өтірік айтады? Бұл туыла сала пайда болатын қасиет емес. Жағымсыз әдеттен арылту үшін оның себебін анықтап алғанның маңыздылығы зор. Себебі әр түрлі болуы мүмкін. Біз өте …

Жүкті әйелге қажетті минералды заттар

Жүктілік кезіндегі минералды заттар. Жүкті әйелге қажет минералды заттар. Қандай минералдар пайдалы? Жүкті әйелдердің барлығы темір препараттарын қабылдау керек пе? Бұл сұраққа жауап беретін мамандардың жауаптары екі топқа бөлінеді: бір топ маман «Иә» десе, екінші топ «Олай емес» деп жауап береді. Темір препараттарының жүкті әйелдерге зияны жоқ, бірақ қыруар ақша тұратынын ескерсек,

9 айдан 1 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу

Бұл кезеңдегі тәрбиенің негізгі міндеті – бала тілін дамыту. 9-10 айлық балалар көп сөзді түсінеді, олармен сөйлескендердің сөз сарынын айыра алады; «қой» деген сөзге құлақ асады. Ұзақ уақыт әлденені былдырлап сөйлеген болады. Ересектердің айтқандарын ұға бастаған бала енді өзі «мама», «папа», «әже», «аға», «бер» сияқты және басқа да сөздерді айта бастайды. 1 жасқа толғанда бала 10-ға …

6 айдан 9 айға дейінгі балаларды тәрбиелеу

Бұл уақыттық кезең ата-аналар алдына жаңа міндеттер қояды. Оларға күндіз 3 рет ұйықтататын күн тәртібін ұйымдастыру, сөзді ұғынуын жетілдіру, бірте-бірте сәбимен арадағы қарым-қатынасты қалыптастыру, заттармен ойнауын одан әрі жетілдіру және еңбектеуге дайындығы өздігінен жүрудің алғашқы баспалдағы жатады.

Баланы дұрыс тамақтандыру: 5 кеңес

Дұрыс тамақтану — баланың өсуі мен жан-жақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан аналар сәбилерінің тамақтанулары мен тағамдарға байланысты сұрақтарға баса назар аударады. Баланы кішкентай кезінде дұрыстап тамақтандырудың пайдасы немесе зияны өсе келе білінеді. Сәби кезде қоректенген тағамдардың себебінен

3–5 айлық балаларды тәрбиелеу

Бұл кезеңдегі тәрбиенің негізгі міндеттері: есту және көру қабілеттерін дамыту; дыбыс реакциясын жетілдіру; эмоциялық жағдайларды орнықты ету; қолдың қимылдарын, ойыншықты алып, ұстап тұру қабілетін дамыту; еңбектегенде қажет болатын қимылдарды жетілдіру.

Жаңа туылған сәбиге керек жиһаздар

Отбасындағы сәбиіңіздің күтімі Перзентханадан ана сәбиімен келер алдында ең алдымен, бөлмелерді мұқият тазарту қажет: жұмсақ жиһаздарды, матрас-көрпелерді қағып, кілемдерді шаңсорғышпен тазалап, терезе, перделерді жуу керек. Балаға ең жарық жеке бір бөлме бөліп беріңіз. Бөлмені үнемі желдетіп тұрыңыз. Жаңа туылған сәбиге қандай жиһаздар керек?

Шала туылған баланы тамақтандыру

Шала туылған балаларды тамақтандырудың қиындығы ағза қызметінің едәуір жетілмегендігіне байланысты. Рефлекстердің тым нашарлығынан және жалпы әлсіздік салдарынан олардың сору қабілеті өте төмен болуы мүмкін. Салмағы 1000-1200 гр. болып туылған балада сору рефлексі ғана емес, сонымен бірге, жұтыну рефлексі де болмайды. Ас қорыту процесі жұмыс істемейді. Шала туылған сәбилерге берілетін тамақты белгілеу дәрігер үшін оңай міндет …

Шала туылған нәресте және оның күтімі

Өзімізді қоршаған ортадағы зиянды факторлардың ұрыққа әсер ету зардаптарының бірі – баланың айына жетпей туылуы. Бірақ шала туылудың тағы да бұдан басқа да себептері кездеседі: әйел көп ұрықпен жүкті болған жағдайда, жыныс мүшесі онша жетілмеген жағдайда, қатты күйзеліске ұшырағанда, әйелдің жүктілік кезінде денесі жарақаттанса, т.б. Осындай себептерден және оларды толық жоюға мүмкіндіктің болмауынан айына жетпей …

Балаңызды ұрасыз ба?

Сіз балаңызды ұрасыз ба? Осы сұраққа жауап беруден бастасақ. Кейбіреулер «Онда тұрған не бар? Бізді де ұрған. Қисайған жеріміз жоқ. Керсінше, көп жайтты түсініп өстік» деуі мүмкін. Сонда қаншама көз жасыңыз төгіліп, жаныңыздың ауырғанын ұмыттыңыз ба? Өзіңізді керексіз жандай сезініп, ата-анаңызға талай рет өкпелегеніңіз ше? Тіпті, «өліп қалсам, жақсы болар еді – менің қадірімді білер …

Сүттің пайдасы. Қажетті мөлшерін анықтау

Дүниеге келгеннен бастап баланың кез келген тағамдарының құрамында сүт кездеседі. Мысалы, анасының сүті – табиғи дәрумендер көзі. Кейін ол пайдалы сиыр сүтімен алмастырылады. Оның құрамында бәрімізге пайдалы кальций бар екендігін білеміз. Өкінішке орай, кейбір сәбилердің сүтті жеткілікті мөлшерде қабылдамай жатқанын ата-аналары білмейді. Оның орнына ағзасы мен денсаулығына зиян келтіретін газды шырындар береді.

Балық пен етті сәбиіңізге беруге бола ма?

Уақыт көзді ашып жұмғанша зымырап өтіп жатыр. Сәбиіңіз өсіп келеді. Алғашқыда оған жемістер мен көкөністер, әртүрлі жармалар (крупа) берсеңіз, енді оған тағамына одан да маңызды азық-түліктерді енгізу қажет. Олар – құрамы ақуыз бен минералды заттарға, дәрумендерге бай (фосфор, калий, темір) ет пен балық. Баланы ет пен балыққа үйретуді аз мөлшерден бастаған жөн. Оған қоса, міндетті …

Сәбиіңіз қандай мультфильм көреді?

Мультипликациялық фильмдер көңіл көтерерлік қана емес, сонымен бірге, балаларға арналған тәрбиелеуші және жаттықтырушы сипаттағы материал болып табылады. Жаңа мультфильмдерді таңдағанда кейбір маңызды мәселелерді де ұмытпай, мұқият болу керек. Мектеп жасындағы балаларға теледидар алдында ұзақ уақыт отыруға болмайды. Сондықтан мультипликациялық фильмдер қысқа сериялардан тұрса, (ұзақтығы 4-5 минут) керемет болар еді. Көзіне артық салмақ түсірмеу үшін суреттері …

Яндекс.Метрика