Tag «Ультрадыбыстық тексеру»

Хорион бүрлерінің биопсиясы

Хорион бүрлерінің биопсиясы (орыс.: Биопсия ворсин хориона) – бұл жүктіліктің алғашқы триместрінде жасалатын, баланың дамуында ауытқулардың болу мүмкіндіктерін анықтайтын сараптаманың бір түрі. Хорион бүрлері шарананың негізін салушы ретінде ұрықты (эмбрион) жатыр қабырғасында ұстап тұрады. Бұл бүрлердің генетикалық құрылымы сәби ағзасының жасушаларымен бірдей болып келеді. Уақыт өтісімен бұлардан шарана пайда болады.

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) — ағзаны ультрадыбыстық толқындар көмегімен инвазивті емес түрде тексеру. Диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі — УДЗ. Зерттеудің бұл әдісі арқылы жатырдағы ұрықтың жынысын, жағдайын (өлі немесе тірі екендігін) анықтауға болады. «УДЗ жатырдағы сәбиге зиян» деп, тексерілуден бас тартуға болмайды. Олай етсеңіз, сәбидің бойындағы аздаған ақаулардың соңы үлкен кемшіліктерге ұласуы мүмкін.

Яндекс.Метрика