Кебаб үшін:
Майлы фарш — 500 гр
Пияз — 1 дана
Кинза — 10 тал
Дәмдеуіш
Қара бұрыш
Тұз
Салат үшін:
Қызанақ — 2 дана
Қияр — 2 дана
Аскөк
Ақжелкен
Тұз
Қара бұрыш
Сұйық май
Қосымша пияз үшін:
Пияз — 1 дана
Ақжелкен — 4-5 тал
Уксус — 0,5 шай қасық
Қосымша:
Шампура
Фольга
Дайындау жолы:
Бір пиязымызды жұқалап, домалақ күйінде кесіп, ақжелкен турап,
уксус қышқылын құйып, араластырып, бір шетке алып қоямыз.
Бір пиязды блендерға салып, езіп аламыз да, фаршымызға салып үстіне кинза, тұз, қара бұрыш және дәмдеуіш (етке арналған болса тіпті жақсы) саламыз,араластырамыз.
Уақытыңыз болса 15-20 минут тоңазытқышқа қойып қойсаңыз, салған дәмдеуіштеріміз фаршқа сіңіп, дәмдірек болады.
Фаршымыздың өте майлы болғаны дұрыс, сол кезде ғана шампураларымызға жақсы жабысады. Сонымен шампураларымызға фаршымызды жабыстырып шықтық.
200 дәрежеде 25-30 минуттай пісіреміз. Қызанақ, қияр, аскөк, ақжелкенді турап, тұзын бұрышын салып, 2-3 асқасық сұйық май құйып, араластырып, дайындап қоямыз. Піскен кебабтарымызды қалағаныңыздай сәндеп, тәрелкеге салып, ұсыныңыз!