Чебуректер

Құрамы:

Қамырына:

1 стақан айран;
1 жұмыртқа;
тұз;
ұн (мөлшері қамырдың иленуіне байланысты).

Салындысына:

4-5 жұмыртқа;
жусай;
тұз.

Дайындалуы:

Жұмыртқаны кефир мен араластырып, тұздаймыз. Қажетінше ұн қосып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды 20 минутқа бетін жауып қоямыз. Жұмыртқаны пісіріп, майдалап тураймыз. Жусайды жуып, майдалаймыз. Салындыны тұзбен араластырамыз. Қамырды бірнеше майда бөліктерге бөлеміз. Әр бөлікті жұқа қылып жаямыз. Ортасына салындыны салып, шеттерін тығыз етіп жабамыз. Чебуректі ысып тұрған майға екі жағынан қуырамыз.
Чебуректер дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика