26 жастағы Сара Бойл 28 жастағы күйеуі Стивенмен бірге Тедди есімді ұлды тəрбиелеп отыр. Көптен күткен сəби өткен жылдың ақпан айында дүниеге келді. Босану сəтті өтіп, 3,5 келіден аса салмақпен туылған нəресте денсаулығымен ата-анасын қуантты. Сара мен Теддидің арасында құрылған эмоционалды байланыс, емізудің арқасында күшейе түсті. Бұл байланыстың орнауына қуанышты болған Сара, нəрестесін барынша ұзақ еміземін деп шешті. Бірақ 5 айдан кейін, күтпеген жерден, мəселелер туындады…
Сара оң жақ кеудесінің сол жақ кеудесіне қарағанда кішірейгенін, жəне онда оғаш сезімдердің туындағанын байқады. Бірден дəрігерге жүгінгенімен, оны бұл лактация кезеңіндегі қалыпты симптомдар, алаңдауға себеп жоқ деп тыныштандырады.
Тағы бір айдан соң, Тедди оң кеудеден емуден бас тарта бастап, барынша қарсылық көрсетті, жылады, айқайлады. Анасы не істерін білмей, кеудесіндегі өзгерістерге байланысты деген қауіппен, дəрігерлерге қайта жүгінді. Ауруханада жүргізілген зерттеулер нəтижесінде, Сарада сары сулы ісік (киста) бар екені анықталды. Дегенмен, дəрігерлер қауіпті ешнəрсе жоқ деп Сараны кезекті мəрте тыныштандырды. Сабырға келіп, сəбиін оң жақ кеудесімен емізбекші болған еді, бірақ ол бұрынғыдай бас тартты.
Теддиге 8 ай толғанда Сара УДЗ-ге жолдама сұрады. Дəрігерге баласының өзін ұстауын жəне өзін соңғы кездері нашар сезініп жүргенін жеткізді. Оған ұлы маңызды зат айтқысы келетіндей көрінді.
УДЗ сары сулы ісіктің үлкейгендігін жəне биопсия қажеттігін көрсетті. Екі аптадан кейін Сара қатерлі ісіктің екінші кезеңінде екенін білді. Оның əлемі бір сəтте құлады. Бұл жағдайға қарамастан, ол мəселеге назар аударған баласына разылығын білдірді.
« Тедди менің ержүрек батырым. Ол болмағанда мен өз ауруым туралы ұзақ уақыт білмейтін едім. Менің дəрігерім емізу кезінде ана мен бала арасында ерекше байланыс туындайтынын айтқан болатын. Бұл менің өмірімді құтқарды деп айта аламын.
«Тедди оң жəне сол кеудемдегі иіс пен дəмді сезіп, маған айта білді».
Қазіргі таңда Сара емдеу курсын алуда. Отбасы оны қолдап, дертін жеңе алатынына сенімді.