Қамырға оралған шұжықтар

Құрамы:

жұмыртқа – 2 дана
сүт – 150мг
су – 150мг
қант – 2ш.қ
тұз – 1ш.қ
майонез – 1ш.қ
сұйық май – 50мг
ашытқы – 1а.қ
ұн
шұжық –  10дана
жұмыртқаның сарысы –  1дана

Дайындау жолы:
1. Жылы сүт пен суға жоғарыдағы қоспаларды қосып, жұмсақ қамыр илейміз. Оны ашытамыз. Ашыған қамырды 3 – 4 бөлікке бөлеміз. 1 бөлігін жұқалап жаямыз. Шұжықты екі бөлікке бөлеміз. Қамырдың ұзындығын 15 см көлемінде кесіп аламыз. 2. Енін 3-4 см. Енді шұжыққа қамырды ораймыз. Оларды арнайы қағаз төселген формаға орналастырып, үстіне жұмыртқаның сарысын жағамыз. 200° та қызған пеште 25-30 минут (мүмкін одан көп) пісіреміз.
Ас болсын!

Яндекс.Метрика