Филадельфия ірімшігін жасаймыз

Керек заттар:

Сүт — 1 л
Айран — 0,5 л
Жұмыртқа — 1 шт
Тұз — 1 ш.қ.
Лимон қышқылы

Дайындалуы:

Сүтті қайнатамыз, тұз қосамыз. Қайнаған соң, айран қосып ұйытамыз. Ұйыған массаны марляға салып, он бес минут сүзіп іліп қоямыз. Жұмыртқа мен лимон қышқылын жақсылып араластырамыз. Оған сүзбені қосып, бірқалыпты масса болғанша араластырамыз. Ірімшік дайын.

Ас болсын!

Яндекс.Метрика