Кәуәп жасау

Кәуап (шашлык) жасаудың 3 кезеңі: етті дайындап маринадтаймыз, сосын оны күтеміз, соңғысы дайын болған етті пісіреміз.
Ескере кетейін, осы мәзір соңында жиі қойылатын сұрақтарға да жауап берілетін болады. Біз бүгін 8-9 адамға жетерлік тауық пен күрке тауық етінен кәуап (шашлык) жасайтын боламыз.

Керекті құралдар:

1. Мангал
2. Көмір немесе сексеуіл ағаштары
3. Кәуап (шашлык) еттерін кіргізіп салатын таяқшалары қажет

Құрамы:

1. Ас тұзы
2. Майонез
3. Кептірілген нан ұнтағы (Панировочное сухари)
4. Грилге арналған дәмдеуіш (Приправа для гриля)
5. Кәуапқа арналған дәмдеуіш (Приправа для шашлыка)
6. Сарымсақ (чеснок) 2 дана
7. Пияз 3 дана
8. Тауық еті 4,5 келі (біз осылай алдық)
9. Күрке тауық етінен біз 1,5 келі алдық

Дайындау жолы:

1. Еттердің шабатынын шауып, турайтынын турауымыз керек. Таяқшаға жақсы тұратындай және жеуге де ыңғайлы болуы керек. Үлкен де емес, кіші де емес, орташа етіп.
2. Бұл қадамда бәрін араластырамыз, сөйтіп бетін жауып қоямыз. (маринадтау, маңызды қадам). Енді, дайын еттерімізге бір ғана кептірілген нан ұнтағынан басқасының бәрін салып, араластырамыз. Яғни ас тұзы, сосын әртүрлі дәмдеуіштерді, сосын сарымсақ пен пиязды, сосын майонезді. Әр салған сайын араластыруды ұмытпайық. Қайталай кетейін. Ас тұзы мен 3 дәмдеуішті(приправа) салып, арасында араластырып тұрамыз. Араластырып тұруды ұмытпайық.
Сосын сарымсақ пен пиязды турап немесе езіп салып араластырамыз.
Енді майонездің кезегі, тағы да араластыруды ұмытпаймыз 🙂
Бетін жауып күтетін боламыз. Көріп тұрғандай, бізде әлі кептірілген нан ұнтағы бар, оны біз алдағы уақытта қолданатын боламыз. 2 сағаттай күтеміз.

3. Отты қыздыруды бастау және еттерді таяқшаларға салып дайындау.
Бір мезетте от пен етке кірісеміз. Бір-екі адам отқа кетсе, қалған бір-екеуі етке отырғаны дұрыс, адам көп болған сайын жақсы, тез бітеді :).
Енді етті таяқшаларға салу. (бұл тауық еті) Мұндай әдісі де бар, кептірілген нан ұнтағына аунату. Қосымша шашлигімізге дәм қосатын болады. (бұл курке тауық еті еді).
4. Ендігісі от жағу. Шоқ жинауға көмір немесе сексеуіл ағаштарын қолданыңыз. Ал көмірдің тура кәуапқа(шашлыкке) арналғаны болмаса да қарапайым түрі де жарай береді.
Сонымен бәрі жағылды, көмір салынып шоқтанып жатыр. Енді арғы жақтағы таяқшаларға салынған еттерді алып келеміз.
5. Еттерімізді шоққа қою. Айналдырып тұрамыз күйіп кетпей жақсы пісуі үшін, желпіп тұрамыз астындағы шоғы жақсы қызу беруі үшін.
Осы кезде қателіктер жіберіп қоймау керек нәрсе)) етіңіз шоқтың қаттылығынан жанып бара жатса ондай кезде жай қарап тұрмаңыз, дұрыс шығар деп 🙂 немесе уксус сеуіп те жібермеңіз, ол қате. Ол кезде дұрысы сумен кішкене себкеніңіз дұрыс.
Осымен дайын, ас болсын!

Яндекс.Метрика