Нан қосылған котлет

Нан қосылған котлетті дайындау үшін:
– 500 грамм қой еті;
– 3 тілім нан;
– 1 жұмыртқа;
– тұз;
– дәмдеуіштер;
– 1 бас жуа
– 500 грамм орамжапырақ;
– 3 қызанақ қажет.

Дайындалу жолы төмендегідей:

1. 500 грамм етті турағыштан өткіземіз.
2. Үстіне 3 тілім нанды турағыштан өткізіп қосамыз.
3. Бір жұмыртқа қосамыз.
4. Қалауымызша тұз бен дәмдеуіштер қосамыз.
5. Котлеттерді жұқалтыр қағазға орналастырып, 180 градуста қызып тұрған духовкіге саламыз.
6. 20 минуттан кейін оттан аламыз.
7. Котлеттің сәйін дайындау үшін 1 бас пиязды майдалап турап, майға қуырамыз.
8. Үстіне дәл осылай майдалап туралған орамжапырақ саламыз.
9. Төртбұрыштап туралған қызанақ қосамыз.
10. Дайын болған сәйді котлеттердің жанына қоямыз.
Астарыңыз дәмді болсын!

spot_img

Қызықты

Кукси тағамы

Кукси - Корей асханасының тағамы, суық көже ретінде ұсынылады....

Бедеуліктің себептері

Барлық жұптар отбасын құрғаннан кейін балалы болуды армандайды. Бала...

Балалар арасындағы тершеңдік

Балалар арасында тершеңдік жиі кездеседі. Сәби ұйқыда жатқанда малшынып...

Дәмді тіскебасар

Құрамы: ? краб таяқшалары ? көк пияз ? сыр ? майонез ? қызанақ ? чипс Дайындау: Барлығын...

Ұсақ балық қосылған жүгері салаты

Салат құрамы: Қырыққабат – 100гр Қияр – 1дана Ақ...