Тауық етінен «ашқарақ» салаты.

Қажетті өнімдер:

400 гр. тауық еті 1-2 дана сәбіз 1-2 дана пияз 2-4 дана маринадталған қияр 2-4 тіс сарымсақ Қуыру үшін өсімдік майы қажет Дәміне қарай тұз, бұрыш 2-3 ас қасық майонез.

Дайындалуы:

Тауық етін тазалап жуып алыңыз. Сосын қазанға су құйып, етті саласыз да, қайнатасыз. 20 минуттай қайнату жеткілікті. Пиязды аршып, жуыңыз да майдалап тураңыз. Сәбізді де аршып, майда үккіштен өткізіңіз немесе ұзыншалап әрі жіңішкелеп турап шығыңыз. Тауық етін сүйегінен ажыратып, орташа көлемде турайсыз. Егер ет тым жұмсақ болып піскен болса қолмен үзіп шығуға да болады. Осыдан соң табаға азырақ өсімдік майын құйып, сәбізді қуырып алыңыз. Артынша пиязды салып, оны бөлек қуырыңыз. Содан соң сәбізді де, пиязды да суытып қою керек. Сарымсақтыаршып, майдалап тураңыз. Ал, маринадталған қиярды ұзыншалап әрі жіңішке етіп турайсыз. Соңында барлық қоспаларды табаққа салып, майонез қосасыз да араластырасыз.

spot_img

Қызықты

Балаға өсе келе не айту керек?

Бала тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік пен дайындық керек. Балаға...

Мимоза салаты

Құрамы: Тауық еті - 400 г Картоп - 4 шт Сәбіз -...

Қасты қалай қалыпқа келтіреміз?

 Арманыңыздағы қалың, əдемі қасты қалай өсірсек болады. Егер абайсызда...

Қияр салаты

Құрамы: 6-7 сәбіз, 2-3 ас қасық аскөк, 3 шай қасық...

Нарын

Қажетті заттар: Ет Сәбіз Картоп Пияз Күнбағыс майы Ұн Дайындалуы: Бесбармақ сияқты етті қайнатып, оған сәбіз, картоп,...