Әйел босанды. Күткені басқа, а шындығы басқа болды…
Енді мен сіздермен ағылшын тілінде сөйлейтін дереккөздерде «нәресте блюзі» деп аталатын, ал біздің қоғамда соңғы уақытқа дейін мүлдем еленбейтін эмоция туралы сөйлесуді жөн көрдім(өйткені, «Анасы баласын дүниеге алып келгеннен кейін қайғыруы мүмкін емес. Керісінше қуанышты болуы керек» деген түсінік қалып қойған). Бірақ шын мәнінде, қалай болады? Мен «нәресте блюзінің» не екенін және оның қайдан шыққанын түсіндірейін.
Бұл босанғаннан кейін көп ұзамай пайда болатын депрессиялық көңіл-күй.
Жүктілік барысында барлық назар жүкті анада болады. Енді әйел босанған соң отбасының бүкіл назары жаңа туылған нәрестеге ауады да, босанған ана 2-ші орынға түсіп, онымен эмоциялық көңіл-күйдің өзгеруін ешкім талқыламайды.
Ал әйел босанғаннан кейін бірден әртүрлі эмоцияларды бастан өткереді. Ағзада үлкен гормондық өзгерістер орын алады. Жүктілік кезінде өте жоғары болған гормондар бірден төмендеп, басқа гормондар шыға бастайды. Осының әсері босанған анада түрлі эмоциялармен жүреді. Эмоциялар тіпті қарама-қарсы — бірде қуаныш, бірде қуаныштан қайғы мен күйреуге дейін болуы мүмкін. Ана рөліне бейімделу кезеңі басталады, ол «baby blues» түрінде көрінуі мүмкін. Ол 70-80% аналарда кездеседі және босанғаннан кейін 14 күнге дейін созылады. Мұндай күйге түсу ықтималдығы босану кезінде белгілі бір медициналық араласулар болған әйелдерде артады. Плюс «үйдегі ауа-райы» да әсер етеді. «Baby blues» синдромы үшін тән:
😔Көңіл-күй тез өзгереді
😢Себепсіз жылау
😤Шаршау
😖Мазасыздық
🤯Қозғыштық
🤐Тәбеттің төмендеуі немесе бірден жоғарылауы
😩Мұңаю
😴Ұйқысыздық (тіпті бала ұйықтап жатсада)
😶Нашар концентрация (невнимательность, алаңдау)
🥺Өзіне деген сенімсіздік
😟Қайғы мен сағыныш
🥴Летаргия(әйел ағзасының әлсіреуімен жүреді)
✅Әйел мұндай жағдайды кәсіби маманның көмегінсіз жеңе алады, бірақ ол туыстары мен достарының қолдауына ие болған жағдайда ғана мүмкін!