Көптен күткен нәресте дүниеге келгеннен кейін әрбір анаға отбасы мен жақындарының қамқорлығы мен қолдауы, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің түсіністікпен қарағаны маңызды. Ол эмоционалды түрде әлсіз және басқаларға тәуелді. Тіпті ең керемет жағдайда да эмоционалдық зардап қаупі бар, бірақ ол әркімде әртүрлі.
ДДҰ мәліметтері бойынша, босанған кейін әрбір 6-шы әйел босанғаннан кейінгі депрессиядан(БКД) зардап шегеді. Бұл жағдай кез-келген анада 1 жылға дейін орын алуы мүмкін. Тіпті әлеуметтік-экономикалық жағдайы ең керемет отбасыларда да бұл орын алуы мүмкін. Босанғаннан кейінгі депрессияның нақты себептерін зерттеушілердің өзі айта алмайды. Қазіргі уақытта БКД пайда болуы мен ауырлығы көптеген факторларға байланысты екені белгілі және олардың барлығын бақылау мүмкін емес.
Мысалыға, БКД жиі мынадай жағдайда орын алуы мүмкін:
⭕Дисгормониялық қарым-қатынастағы отбасыларда;
⭕Туыстарынан және жақын адамдарынан оқшауланған әйелде;
⭕Көңіл-күйі тез өзгеретін әйелдерде;
⭕Босанғаннан кейін үміт пен нәтиже сәйкес келмегенде;
⭕Босанудан кейін қалған аурулар орын алғанда;
⭕Гормоналдық өзгерістер;
⭕Балалары белгілі бір ауытқумен туылған әйелдерде
⭕тсс
Қазіргі уақытта БКД баланың қалай туылғанына да байланысты емес (КС болса да, табиғи жолмен босанса да). Әрине, босанғаннан кейінгі депрессия ананың кінәсінен де емес!
Ол жалқаулық ұстағаннан және/немесе баланы жақсы көрмегендіктен емес.
іпті алдын алып дайындалған әйел де 100% қорғалмайды.
Соңында, жеңіл эмоционалдық бұзылулар өздігінен кетеді, сізге тек өзіңізге демалыс пен күтімді қамтамасыз ету керек.
Босанғаннан кейінгі эмоционалдық қиындықтар ауырлық дәрежесіне қарай шартты түрде 3 бөлінеді:
1. Baby blues («блюз» синдромы, босанудан кейінгі қайғы синдромы) немесе транзиторлы босанғаннан кейінгі депрессия
2. Босанғаннан кейінгі депрессия
3. Босанғаннан кейінгі психоз