Иллюзиядағы өмір

Көңіл-күйіңіз болмағанда немесе құбылмалы көңіл-күйде жүргеніңізде, жұбыңызбен бала алдында сөзге келіп жүргеніңізде «кішкентай нәресте не түсінер» деген оймен жүрген боларсыз? Бірақ бұл ойыңыз қате.

Босанғаннан кейінгі депрессиямен ауырған кезде (ондай сәтте ешбір ана өзін депрессиядамын деп ойламайды) балаңыз сізді «жарты ана» немесе «салқын ана» деп қабылдайды және депрессиясы бар әкелер жайлы да солай ойлайды.
Бұл нені білдіреді? Депрессияға түскен аналар нәрестенің сыртқы күтімін жасауды тоқтатпай жалғасытра береді. Яғни, оны тамақтандырады, киіндіреді, шомылдырады, барлық жағдайын жасайды. Бірақ аналар эмоциясымен нәрестеге суық қарайды, нәрестенің эмоциялық қажеттіліктеріне аз жауап береді, көбінесе оның «іңгәләп» жиі жылап шақыруларын немесе өтініштерін елемейді.

Зерттеулер көрсеткендей, бұл баламен сау қарым-қатынастың қалыптасуына кедергі жасайды және баланың одан әрі психоэмоциялық дамуына кері әсер етеді.

Осы жерде негізгі мәселе неде деп ойлайсыз?
Көбінесе мұндай күйдегі ана өзінің барлық мәселесін білмейді! Ол барлық жағдайды тұтас және кең ауқымда қарастыра алмайды. Оның бұған күші жетпейді, бірақ ана үшін барлығы бүтін көрінетін сияқты! Сіз қазір «бұл да өтер» деген оймен біраз шыдай аларсыз. Одан ары қарай балалар өседі, өздігінен жүре бастайды, бала-бақшаға бара бастайды. Бала күтімі бара-бара оңайлап, жеңілдетілген жағдайлармен өмір өте береді. Бірақ ана баласымен бүгін сөйлесіп және бүгін қарым-қатынас құруы керек емес пе?
⚠️Есіңізде болсын! Баланың психоэмоционалды жағдайы, психологиясы және психологиялық жасы туған сәтінен бастап қалыптасады.

Біздің миымыз бен санамыз өте қызық жаратылған! Ол жерге сызат түсуі өте оңай, бірақ ол сызат өз ізін қалдырмай қоймайды. Кез келген мазасыз, теріс ойды санада өңдеу қиынға соғады және оны жеңіл, жай ғана шығарып тастау мүмкін емес!
Сондықтан аналар «менде бәрі жақсы», бірдеңе болса «бұл өз мәселем, өзім шешемін» деп емес, өзгеден көмек сұрауды үйренуі керек. Ол жалғыз маман көмегі емес, жақын адамдарымыздың да көмегі болуы мүмкін. Бұл көмек жалғыз сізге емес, нәрестенің болашақ өміріне әсер ететінін ескерейік.

Яндекс.Метрика