Алдау барлық жерде бар екені белгілі. Қалалық жерде көп адамдар үшін тиімді сауда жасайтын жер ол — супермаркеттер. Ал күнделікті өнімдерін қолданып жүрген жердің біз білмейтін тұстары да бар екен. Сонымен:
1. Барлық өлшеніп қойылған тауарларды (мысалы, өлшенген қант, ұн тағамдары, конфеттер, қаптамадағы жеміс-жидектер) үстіне грамм қосып сататын. Оларды басқа бөлмеде өлшеп дайындайды. Өлшегенде үстіне ауырлау кішкене зат қояды, мысалы гірдің шетінде конфет тұрады.
2. Жарамдылық мерзімі өтуге жақын тұрған тауарлар үнемі алдыңғы қатарда тұрады. Тез өтіп кетуі үшін. Жаңадан келген тауарлар үнемі артында. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлардың қаптамадағы жазуы өшіп қалады. Сондықтан, оны білдіртпей сүртіп тастап сата береді. Мысалы, жылтыр қағаздағы жаңғақтар. Жарамдылық мерзіміне міндетті түрде көңіл аудару керек!
3. Ашылған грек жаңғағының, яғни сол сияқты жаңғақтардың ішінде құрт көп жүреді. Олардың құртын түсіріп, судай жаңа салафанға қайта салып, датасын жаңадан қойып сата береді. Көп тұрып қалған конфеттердің, печеньелердің үстіне жаңа күнді қағазға қайта басып, жабыстыра салады.
4. Алмалардың көбі Қытайдікі! Оны ешқашан Қытайдан келген деп айтпайды. Өзіміздікі дейді. Ел оны мәз болып алады.
5. Жер қияры мен Миринда деген қиярлар өте ұқсас. Жер қиярының тікенегі аз болады. Және арзан болады. Ал Миринда қияры біткенде соның бағасымен жер қиярын сата береді.
6. 40 теңгенің орамжапырағын 85 теңгеге сатады. Арзан картоп келсе, бағасын, атын өздері өзгертіп қымбатқа сатады. Сөйтіп, өздеріне пайда түсіреді.
7. Қымбат алмалар бітіп қалса, орнына арзан алманы сол бағамен сата береді.
8. Тағам сататын жерде сіздің көзіңізше ғана арнайы қолғап, таяқ қолданады. Жинайтын кезде оны сатушы қолымен асап-асап жеп, бүкіл микробын түсіреді. Таңертен оны сатады. Мысалы, салаттар. Осы сияқты айлалары көп-ақ. Әр тауардан артық пайда көргісі келеді.
Біз білмейтін қулықтары баршылық қой. Сондықтан, орыстар 3 сағат жүріп таңдайды, иіскеп, айналдырып, қайта өлшеп алады. Асықпай қарап алғандарыңыз дұрыс…