Алмұрт және сүрсүбе (бекон) қосылып жасалған салат

Басқа да дәмді салаттардың дәмін татып көргісі келетіндер үшін таптырмайтын рецепт. Алмұрт және сүрсүбе қосылып жасалатын салатты жасау үшін бізге 1 пакет салат қоспасы, 1 алмұрт, 1 стақан қызғылт жүзім, қуырылған беконның 2 жолағы, 2 ас қасық ешкі ірімшігі, 2 ас қасық қуырылған пісте (фисташка), 2 ас қасық бальзамды сірке суы керек.

Әзірленуі

1. Алмұртты жұқа тілімдерге бөліп, турап шығамыз. Ал жүзімдерді екіге бөлеміз.

2. Бекон мен ірімшікті ұсақтаймыз. Содан кейін бұл ингредиенттерді үлкен ыдысқа салып, салат қоспасымен және пістемен араластырамыз. Ең соңында салатқа бальзамды сірке суын қосып, бір араластырып аламыз да, үстелге қоямыз

Яндекс.Метрика