Алма қосылған дәмді бәліш

Бізге қажет болады:
2 алма
1 жұмыртқа
3 ас қасық қаймақ
2 ас қасық қант
аздап тұз
3 ас қасық ұн
аздап разрыхлитель
Дайындалуы:

Алдыменен қамырын жасаңыз. Ол үшін, жұмыртқаға қант қосып араластырыңыз. Қантты алмалардың тәттілігіне қарай қосыңыз. Шырынды алмалар үшін 2 ас қасықтың өзі көп болуы мүмкін. Енді қаймақ пен аздап тұз қосып араластырыңыз. Ең соныңда ұн мен разрыхлитель қосып жіберіңіз. Қамыр қою қаймақ сияқты болуы тиіс. Енді алмаларды домалақтап кесіп, ортасындағы дәнек пен қатты жерлерін алып тастаңыз. Алмаларды қамырға малып, жақсылап қызған майға қуырыңыз. Қаға майлықтарға қойып “кептіріңіз”. Дайын алмалардың үстіне қант пудрасын себіңіз.
Астарыңыз дәмді болсын!

Қызықты

Сәбидің терісі нәзік әрі сезімтал болады

Алғашқы кезде араласуға болмайды Жаңадан туылғандардың терілері сыртқы ортаға бейімделу...

Пияз шелпектері

Құрамы: Ұн 1 стақан су Жарты ас қасық тұз 1 үлкен пияз; Сұйық май. Дайындылуы: Стақандағы...

Жылдам дайындалатын құймақтар

ҚОСПАЛАРЫ: сүт – 1 стакан; қайнаған су – 1 ұн – 2...

Жүктілік және оның кезеңдері (жүктіктің үш триместрі)

Алпыс екі тамырын иіп, сәбиін әлдилеуге дейінгі кезең, әсіресе...

Жүктілік кезіндегі шаш пен тері

Аяғы ауырлап, ағзасында биологиялық өзгерістер басталған әйелдің шашы мен...