Асшаян, авокадо және грейпфрут қосылған салат

Мерекелік дастарханның сәнін келтіретін жеңіл салаттардың бірі асшаян, авокадо және грейпфрут қосылған салат. Бұл салатқа 250 грамм тазаланған асшаян, 1 тал пияздың жасыл сабағы, 1 піскен авокадо, 1 грейфрут және дәміне қарай ұнтақталған қара бұрыш қосылады.

Әзірленуі

1. Асшандарды тұзды суда жылдам пісіріп, суытыңыз. Асшаян суығанша көк пияз бен авокадоны аршып, турап алыңыз. Сондай-ақ, грейпфрутты да жақсылап тазалаймыз. Грейфруттың салафан секілді қабықшасын алып тастамаса, салат ащы болып қалады.

2. Туралған ингредиенттерді пісірілген асшаян тұрған ыдысқа салып, араластырыңыз. Дайын салаттың бетіне бұрыш сеуіп, әдемі шыны ыдысқа немесе бокалға салып, дастарханға қоямыз.

Яндекс.Метрика