Бауырсақ пісірудің оңай жолы

✅ Бұл дәмді бауырсақты үйдегілерге жиі пісіріп беремін. Ингредиенттердері өте аз: ұн, құрғақ дрожь,тұз, қант және майонез.

✅ Алдымен 1,5 ас қасық құрғақ ашытқыны жылы суға былғап, 10 минуттай көтерілуін күтеміз. Содан соң 1 кг ұнды шұңғыл ыдысқа салып, 100 грамм майонезді жақсылап араластырамыз. Үстіне 1 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз салып, ашытқы қосылған суды құйып, илейміз.

✅ Бұл жерде ең бастысы – жылы суды мөлшермен құю. Ұн илеуді бастағанда біртіндеп суды құйып, оның тым қоймалжың болып кетпеуін қадағалау керек. Егер суды көп құйып алып, қамырыңыз сұйықтау болып кетсе, үстіне еселеп ұн салып қойылтуға тура келеді.

✅ Суды тым аз құйып, қамырды қатты илеуге де болмайды, әйтпесе бауырсағыңыз көтерілмей қалады. Сонымен, бауырсағыңызды ашытып болсаңыз, полиэтилен қалтаға салып, не үстелдің үстіне шұңғыл ыдысты төңкеріп, 1,5–2 сағатқа қоясыз.

✅ Қамыр ашығаннан кейін оны 3-ке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп алып, майды қыздырып, пісіре бастайсыз.

✅ Бауырсағыңыз дөңгелек болу үшін десеңіз, стақан, кесе, т.б. ыдыспен өзіңіз қалаған мөлшерде кесіп түсіресіз.

spot_img

Қызықты

Ананас салаты

Қажетті өнімдер: 300 гр. тауық еті 200 гр. консервіленген ананас...

Қаңбақ шал

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал...

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар...

Босануды жеңілдететін медициналық шаралар

Босанатын кезде қолданылатын ауырсынуды сездірмейтін әдістер Бүгінгі күні босану кезінде...

Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік (внематочная беременность) —...