Баялды мен картоптан пісірме

Керектілер:

200 гр. баялды Дәміне қарай тұз, бұрыш салынады. 500 гр. картоп 3 тіс сарымсақ 8 дана жұмыртқа 250 гр. қаймақ 500 гр. гүлді қырыққабат Тұз, бұрыш 250 гр. картоп 150 гр. қатты ірімшік 250 гр. кілегей 1 дана жұмыртқа 0,5 шай қасық кептірілген сарымсақ

Дайындалу тәсілі:

Баялды мен картоптан әзірленетін дәмді пісірме өте тойымды тағам болмақ. Сондықтан да алдымен қажетті өнімдерді дайындап алыңыз. Содан соң баялдыны, картопты ұзыншалап турап аласыз. Туралған баялды мен картопты бір ыдысқа салып, тұз бен бұрышты қосамыз да, араластырамыз. Кептірілген сарымсақты салып, барлығын тағы бір рет араластыру керек. Пісірмеге арналған ыдысты майлап, оған баялды араласпасын саламыз. Енді сырды үккіштен өткізіп, аламыз. Содан соң кілегей мен жұмыртқаны араластырып, сырдың 1/3 бөлігін саламыз. Дайын болған құйманы көкөністер араласпасына құйып, 180 градусқа қыздырылған пешке салу керек. 20-30 минуттан соң пісірмені алып, бетіне қалған сырды себелейміз де, тағы да 10 минут пеште ұстаймыз. Сонда пісірме де дайын болады.

Яндекс.Метрика