Чак-чак

Чак-чак құрамы:

  • жұмыртқа – 2 дана
  • ұн
  • сұйық май
  • ас содасы
  • қоютылған сүт

Чак-чактың жасалу жолы:

Жұмыртқаға сұйық май мен ұнды қосып, жұмсақ қылып қамыр илейміз. Қамырды бетін жауып 20 минуттай қойып қойыңыз. Енді қамырымызды алып барынша жұқа қылып жайыуға тырысыңыз. Қамырды жайып болған соң ұзынынан содан барып колденеңінен кесіп шығыңыз. Қазанымызға майды құйып, жақсылап майды қыздырып, май қызған соң чак-чагымызды салып қызарғанша қуырып аламыз. Барлығын қуырып болсаңыз чак чакты шұңқырлау ыдықа салып үстінен қоюлатылған сүтті құйып , чак – чакты жаймен араластырамыз. Чак –чакке өз қалауыңызша жаңғақ немесе мейіз қосуға да болады. Дайын болған чак-чакты жарты сағатқа тоңазтқышқа қоямыз.

Яндекс.Метрика