Дайын жаймадан көже

  • 200 гр шамасында ет
  • бір пияз
  • бір сәбіз
  • бір тәтті бұрыш
  • түрлі кептірілген дәмдеуіштер
  • соя соусы
  • бір қасық томат пастасы
  • сұйық май
  • 7 жапырақ дайын жайма
  • жарты ас қасық карри ұнтағы

Қазанымызды жақсылап қыздырып аламыз. Осы уақытта сәбіз, пияз, ет, бұрыш бәрін төртбұрыштап турап аламыз. Ыстық қазанға май құйып, алдыменен сәбіздерді қуырып аламыз. Сәбіздердің түсі өзгерген кезде ет салып, қазанның қақпағын жауып қоямыз. Ет өз суы мен майына пісуі үшін. Пияз қосып оның да түсі өзгергенге дейін қуырамыз. Енді кезек кезегімен соя соуысын, карри ұнтағын, түрлі кептірілген дәмдеуіштерді (олармен жақсы, бірақ оларсыз да болады), томат пастасын, тәтті бұрыш пен қара және қызыл бұрыш қосып араластырамыз. Қайнаған су қосып үстін жауып, астын басып қайнатамыз. Осы уақытта жаймаларды қолмен майдалаймыз. Балалары бар үйде бұл жұмыс кішілерге берілсе болады (оларға ұнауы тиіс гыгы). Енді қайнап тұрған көжеге жаймаларды салып, оны көп дегенде тағы бес минут пісіреміз (жаймалардың қалыңдығына қарай).  Астарыңыз дәмді болсын!

Қызықты

Балалар аллергиясы: даму себептері жəне алдын алу жолдары

Онкология, жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті - мұның бәрі...

Жүктілік кезіндегі індеттер мен аурулар

Мен балабақшада балардың тәрбиешісімін. Балалардың арасында ауруға шалдыққандары да...

Бұрышты қысқа сақтаймыз

  Құрамы: қызанақ — 4 кг болгар бұрышы — 5 кг қант —...

Туа біткен гипотиреоз

Нәрестелерде гипотиреоз немесе қалқанша безінің белсенділігінің төмендеуі жиі кездеседі....

Балаңыз тырнағын жесе…

Балаңыздың тырнағын жейтінін аңғардыңыз ба? Әдетте, олар бас бармағын...