Голубцы

Салмасына:

  • фарш
  • тұтас орамжапырақ
  • піскен күріш 1 кесе
  • сәбіз 2-3 дана
  • пияз 1 дана
  • жұмыртқа 1 дана
  • қара бұрыш
  • тұз.

Жасалу жолы:
Күрішті шала пісіріп алып, туралған етке қосамыз. Оған ұсақталған пияз, тұз бен бұрыш қосып салманы әзірлейміз.
Қырыққабат түбінің әр жерінен пышақпен сәл ғана кесіп, ыстық суға салып қайнатамыз.
Қырыққабаттың жапырақтары бөліне бастағанда судан шығарып, жапырақтарын сылып аламыз.
Дайын жапырақтарға салмадан салып, ораймыз. Оны қайнап тұрған судың буына 30-40 минут пісіреміз.
Тұздық: Жуа, сәбіз, картопты төртбұрыштап турап, қуырамыз. Үстіне қызанақ пен тұз, бұрыш қосамыз. Барлығын қуырғаннан соң ыстық су құйып, жәй отта бұқтырамыз.
Дайын тұздығымызды голубцы бетінен құйып, аскөкпен сәндейміз.

Яндекс.Метрика