Гуляш картоп езбесімен

Қажетті заттар:

? 0,5 кг ет
? 1 шт пияз
? 1 шт морковь
? 1 ас қасық ұн
? 1 ас қасық томат пастасы
? 1 шт лавр жапырағы
? тұз дәміне қарай
? сұйық май

Дайындалуы:

Етті орташа көлемді етіп турап, майға қуырып, соламка ретінде туралған сәбіз бен пиязды қосамыз. Қазан бетін жауып, бұқтырамыз.
Үстіне бір стакандай су құйып, ет дайын болғанға дейін бұқтырамыз. Ет піскенде су еттің бетін сәл жауып тұру қажет.
Еттің дайын болуына 10 минуттай уақыт қалғанда дәміне қарай тұз, лавр жапырағын және қара бұрыш қосу қажет.
Одан кейін жарты стақан жылы суға томат пен ұнды араластырамыз (кесектер қалмауы тиіс).
Дайын болған етке осы стақан суды құйып, тағы да 5-10 минуттай бұқтырамыз.
Егер суы көп болып кетсе, қайнатып жіберіңіздер, егер аз болса тағы су қоссаңыз болады.

Енді картоп езбесін дайындаймыз:
Картопты тазалап, суда қайнатып, дуршлагтан өткізіп аламыз. Картопқа дәміне қарай сары май, тұз, сүт, қара бұрыш қосып, езгішпен еземіз.

Тарелкенің бір жағына гуляш, бір жағына картоп езбесін салып дастарқанға ұсынамыз.

Яндекс.Метрика