Ірімшік қосылған хычин

Қамырға қажет азық-түліктер:

— 500 мл айран немесе қаймақ;
— 2 тал жұмыртқа;
— 100 гр сары май;
— 300 гр ұн;
— 0,5 шай қасық ас содасы;
— 0,5 шай қасық тұз.

✔ Салмасына қажет азық-түліктер:

— 300 гр сыр
— 2 тал жұмыртқа;
— 0,5 шай қасық қара бұрыш;
— 0,5 шай қасық тұз.

✔ Дайындалу жолы:

✔ 1. Айран, жұмыртқа, тұз, сары май барлығын араластырып, ұн қосамыз. Ас содасын қосуды ұмытпаймыз. Қолға жабыспас үшін дастарханның бетіне ұн себеміз. Артынша қамырды илейміз. Дайын болған қамырды 15-20 минутқа қалдырамыз. Бетін ыдыспен жабамыз. Кейін қамырды жайып, бәлішке арналған ыдысқа саламыз.

✔ 2. Ірімшікті қолмен үгітеміз. Жұмыртқаға тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз. Жұмыртқаны ірімшікпен араластырып, бәліштің бетіне саламыз. 180 градуста қызып тұрған пеште 25 минут пісіреміз.

✔ 3. Дастарханқа қоймас бұрын, 15-20 минут суығанын күтеміз.

spot_img

Қызықты

Асқабақ қосылған салат

Бізге керегі: Асқабақ – 150 г Сәбіз – 150...

Балаларда кездесетін аллергиялар

Таңертең ұйқыдан оянған балаңыздың денесін қызыл бөртпелер басып кеткендігін...

Бала емізіп жүріп жүкті болып қалуым мүмкін бе?

Емізіп жүріп жүкті болып қалуым мүмкін бе?-деген сұрақтар жиі...

Кіндік жарығы (грижасы)

Жаңадан туылған сәбилерден бастап емшектегі балалар арасында кіндік сақинасы...

Бауырдан торт

Құрамы: Бауыр 300гр Ұн 100гр Сұйық май 100мл Қаймақ 2ас қасық Жұмыртқа 2дана Тұз Бұрыш Пияз 2дана Сəбіз...