Испандық тағам

Керектілер: 500 гр. картоп 150 гр. сыр 200 гр. колбаса 1-2 дана болгар бұрышы 1 дана пияз Тұз, бұрыш 3 тіс сарымсақ 1-2 ас қасық өсімдік майы 8 дана жұмыртқа 250 гр. қаймақ

Дайындалу тәсілі: Ең алдымен картопты аршып алыңыз. Содан соң қалыңдығын 0,5 сантиметрдей етіп, дөңгелектеп турайсыз. Туралған картопты кастрөлге салып, су құясыз да отқа қойып қайнатасыз. Шым-шым тұз салып, 5-7 минуттай қайнату керек. Енді сырды үккіштен өткізіңіз, колбасаны текшелеп тураңыз. Болгар бұрышын да ұзыншалап турап, сарымсақ пен пиязды майдалайсыз. Табаны отқа қойып қыздырып, болгар бұрышын, сарымсақ пен пиязды майға қуырып аласыз. 7 минуттай уақыт өткенде картоп пен қуырылған көкөністерді, шұжықты біріктіресіз. Азырақ тұз бен бұрыш салып, барлығын жақсылап араластыру қажет. Пісірмеге арналған форманы майлап, араласпаны сол ыдысқа саласыз да, қоя тұрасыз. Осы уақытта құйманы дайындап алған дұрыс. Ол үшін қаймақ пен жұмыртқаны араластырыңыз. Осы араласпаға үккіштен өткізілген сырдың жартысын алып, тұз бен бұрышты араластырасыз. Огсылайша дайындалған құйманы көкөністер салынған формаға құяды. Ал, бетіне қалған сырды себелеңіз. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, пісірмені пісіріп ала бересіз. 30-40 минутта пісірме де дайын болады.

spot_img

Қызықты

Шуба астындағы банан

Құрамы: 1 банан 150 грамм ірімшік 50 грамм май 3 ш қ қант 2...

Ұннан жасалған халуа

Қажетті заттар: 2 ст ұн 100 гр сары май 2 ст қант 2 ст...

Балалардың компьютер мен ғаламторды пайдалануы қандай болуы керек

Бұрын жаз мезгілі бола қалса, балалар таңертеңнен кешке дейін...

Мастит және оның алдын алу

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт...

Балаларға дұрыс тіс тазалауды үйретеміз

Сіздің балаңыз тіс тазалаудың орнына, тек тіс пастасын жейді?...