Көкөністерден дайындалған сорпа

✔Құрамы:

Сиырдың қабырға еті
Картоп 7-8 дана кішігірм
Сәбіз 1 дана
Кабачок 0,5 дана
Болгар бұрышы 1 дана
Аскөк 1 (буым)
Сарымсақ 1 тісшесі
Орамжапырақ (азғантай)
Жасыл пияз (дастарxанға ұсынар кезде себесіз)
Тұз (дәміне қарай)

✔Дайындалуы:

Үлкенірек кәстрөлге етіңізді жуып,үстіне суық су құйып,отқа қоясыз.Қайнаған соң (көбігін аласыз).Солай 2 жарым сағат орташа отта пісіресіз.
2.Тұз,ұнататын дәмдеуішіңізді саласыз.
3.Етіңіз жұмсарып піскен соң,бір ыдысқа алып тастап,бетін жабасыз.
4.Сәбізіңізді екі бөліп,турайсыз.Жарты шеңбер етіп,орамжапырағыңызды төртбұрыщты етіп турайсыз да,сәбізбен бірге сорпаңызға саласыз.5 мин соң картопты,болгар бұрышын,кабочокты төртбұрышты етіп турап,аскөкті ұсақтап турап,сорпаңызға саласыз.
5.Етіңізді турап,пісіп қалдау дегенде салып жіберіңіз.Піскен піспегенін өзіңіз бақылап отырыңыз

Яндекс.Метрика