Кортопты жұмыртқа пісірмесі

  • 2 жұмыртқа
  • 1 кішкентай картоп
  • кішкентай пияз
  • 4 черри қызанағы
  • 1 тілім сэндвич ірімшігі
  • тұз
  • қалаған дәмдеуіштер

Пияз бен картопты аршып, үккіштен өткізіңіз. Майға қуырып алыңыз. Арасында тұз бен қызыл не қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пісе бергенде төртке туралған қызанақтарды қосыңыз. Енді егер табаңыз духовкаға жарамды болса, қуырылған заттарды аздап суытып алып, ішіне екі жұмыртқа қосып араластырыңыз. Менің табамның қолы пластикадан жасалынған, сондықтан аталмыш заттарды бөлек ыдыста араластырдым. Ыдысты алдын ала майдалау керек емес. Енді үстіне ірімшікті қойып, духовкада пісіріңіз. Жұмыртқа көтеріліп, шеттері қызара бастаған кезде піскен саналады. Ас болсын!

Қызықты

Жүкті әйелге керек 10 кеңес

1.  Дәрігерге барып тексеріліңіз: жүктілік жағдайы қалай болып жатыр?...

Дапанжи – қытай тағамы

Қажет азық-түліктер: - 0,3 кг картоп; - 2 болгарский перец - 2...

Беляши

Құрамы: 1) Ұн (көз мөлшерімен) 2) Ашытқы (1ас қасық) 3) Фарш 300-400гр 4)...

Баланың еңсесін басатын тәрбие

Баланың еңсесін басатын тәрбие қандай деп ойлайсыздар? . Білем, бірден былай...

Шоколад қосылған чизкейк

Керекті заттар: сүзбе 500-600гр сгущёнка 1/3бөлігі ванилин шым-шым кілегей сүт (33-35%) 250мг желатин 30гр су...