Пеште қуырылған картоп пен котлет

­

ҚҰРАМЫ: ?Картоп — 3-4 дана
?Тәтті бұрыш(болгар бұрышы) — 3-4 дана
Котлетіне:
?Тартылган ет — 500 гр
?Пияз — 1 дана
?Батон нан — 4-5 тілім
?Жұмыртқа — 1 дана
?Ақжекен(петрушка) — 4-5 тал
?Тұз
?Қара бұрыш
Соусына:
?Томат пастасы — 2-3 асқасық
?Су — 1 стақан
?Сұйық май — 2-3 асқасық.

Дайындалуы:
Нанды және сарымсақты бірдей етіп блендорға салып үгітіп аламыз. Фаршты пиязбен қосып араластырамыз. Ыдысымызға салып, үстіне үгітілген нанымызды салып, жұмыртқа, қара бұрыш, тұз салып, араластырып, алақанымызға сыятындай етіп, котлет жасаймыз. *ҚОЛЫҢЫЗҒА ЖАБЫСА БЕРСЕ, ҚОЛЫҢЫЗДЫ САЛҚЫН СУМЕН ЫЛҒАЛДАНДЫРЫП АЛЫП ТҰРЫҢЫЗ!!!

Картоптардын пішінін бірдей етіп кесеміз. Болған соң фотодағыдай кезек-кезек котлетпен картопты қоямыз, жанына тәтті болгар бұрыштарын саламыз. Үстіне тұз себеміз. 1 стақан суға томат пастасы мен сұйық майды құйып, әбден араластырамыз. Котлет, картоп, болгар бұрышының үстіне құйып, 180 дәрежеде қызған пеште 35-40 минуттай пісіреміз. Астарыңыз дәмді болсын!

Қызықты

Буда піскен орама

Қамырына: Сүт - 100гр. Тұз - 0,5ш.қ. Куркума - 1ш.қ. (қалауыңыз бойынша,...

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтанудың маңызы қандай? Аяғы ауыр әйел үшін...

Ұйқы жетіспеушілігінің бала денсаулығына әсері

Ұйқы жетіспеушілігі ағзаның барлық функцияларына теріс әсер етеді. Балаға...

Сіздің балаңызға гимнастика не үшін қажет?

Гимнастикамен айналысу балалардың өсіп келе жатқан ағзасына оң әсер...

10 – 15 жас аралығындағы өтпелі кезең

  Балалар ақыл есі толысып, жасөспірім шаққа жеткенде өтпелі кезеңді...