Қажетті заттар:
- 6 ас қасық майсыздандырылған құрғақ сүт
- 4 ас қасық какао ұнтағы
- 2-3 ас қасық қант
- 12 ас қасық сүт
Дайындалу тәсілі:
- Майсыздандырылған құрғақ сүтті какао ұнтағымен және қантпен араластырыңыз.
- Дайын болған қоңыр түрті қоспаға 12 ас қасық сүт қосыңыз.
- Қоспаны араластырып, силиконнан жасалған тақтайға жуандығы 2-3 мм болатындай тегістеңіз.
- Бұны 15 минутқа тоңазытқышқа салыңыз. Сол уақыт ішінде қоспа кішкене қату керек.
- Тоңазытқыштан шығарып, төртбұрыштап кесіңіз. Әрбір төртбұрыштан домалатып трюфель жасаңыз. Трюфельдің әрқайсысын какао ұнтағына аунатыңыз.