Сүзбе

Ұлттық мәзірлеріміздің тағы бір түрі — сүзбе. Сүзбені ашыған сүт не айраннан дайындайтыны белгілі. Егер сүзбені арнайы дорбаға салып күн астында кептіріп алса, онда тұзбен дәмін келтіріп құрт жасауға да болады. Әзірге сүзбенің өзімен таныс болайық.

Дайындалуы:

Айран(сүт) ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Жәй отта ұстаған жөн, айран қайнап кетсе сүзбе дұрыс болмайды. Ыдыс түбіне сүзбе шөгіп, бетіне ақшыл сары түсті сұйықтық бөліне бастағанда отты сөндіреміз. Арнайы дорбаға (марля) құйып суын төгеміз немесе ас үйде қолданатын сүзгіні қолдануға да болады.

Сүзіп алған сүзбемізді бөлек ыдысқа салып, үстіне қант себуге яки жеміс-жидектерді қосып ұсынуға да болады. Сүзбеге қаймақ қосқан да жақсы, одан бөлек сүзбеден түрлі мәзірлер дайындауға да болады.

Қызықты

Баланың мінезі қалай тұйық болады?

Сонымен, отбасында өзін жалғыз сезінгендіктен балаңыздың мінезі тұйық болады....

Қиярдан жасалатын маска түрлері

Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін...

Аяқ аурулары мазаласа

Аяқ буындарыңыз ауырса, аяғыңызда ауырсынуды сезінсеңіз, ескі травма болса,...

Тауық орамасы

Құрамы: Лаваш 1 пияз 1 қызанақ 1 қызыл болгар бұрышы тауық еті, ірімшік бұрыш, тұз ақжелкен Дайындау...

Алма қосылған дәмді бәліш

Бізге қажет болады: 2 алма 1 жұмыртқа 3 ас қасық қаймақ 2 ас...