Сүзбеден пирог

 

Құрамы:

Ұн – 250г
Сары май – 125г
Қант – 275г
Жұмыртқа – 4 дана
Тұз дәміне қарай
Лимон – 1дана
Сүзбе – 750 г
Қайнатылған картоп – 3 дана
Мейіз – 100г
Қаймақ – 100г
Манная крупа -25 г
Фисташка – 10г

Дайындау жолы:

Сары май мен ұнды араластырамыз, содан қантты, бір шым-шым тұз, 1 жұмыртқаны және лимон қабығын,2 ас қасық су қосып барлығын араластырып қамырын дайындаймыз. Дайын қамырымызды фолгаға орап тоңазытқышқа жарты сағатқа қоямыз. Енді пирогтың ішіне салатын салмасын дайындап аламыз. Сүзбемізді ситодан өткізіп аламыз. Қалған жұмыртқамызды алып ағы мен сарысын бөлек аламыз да ағын жақсылап көпсігенше арластырамыз. Сарысын қалған қантпен қоюланғанша араластырамыз. Картопты майдалаймыз. Мейізімізге қайнаған су құйып , қайта төгіп тастаймыз. Сүзбемізді алып жұмыртқаның сарысы мен қантқа қосып араластырамыз. Енді жаймен картопты қосамыз. Ең соңында жұмыртқаның ағы мен мейізді қосамыз. Тоңазытқыштағы қамырымызды алып, арнайы қалыпқа салып, жайып қамырымыздың шетінен көбірек жаямыз . Қамырымыздың үстінен дайын салмасын саламыз, қамырымыздың шетін бүгеміз де пешке саламыз. Пирогымыз піскен соң қаймағымызды жақсылап араластырып, пирогтың бетін гүл ұқсатып қаймақпен әсемдеп, майдаланған фисташкамызды сеуіп, жалбыз жапырақтары болса қойып сәндеп дастарханға береміз.

Яндекс.Метрика